Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы әкімінің 2010.12.14 № 6 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37 бабына сәйкес Алға ауданының әкіміШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2010 жылдың қаңтар айы мен наурыз айы аралығында аудандық Қорғаныс істері бөлімінің шақыру участкесіне тіркеу, 2010 жылы он жеті жасқа толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар бұрын тіркеуден өтпеген тұрақты немесе уақытша Алға ауданы аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарды тіркеу жүргізілсін.
Шараларды орындауға қатысты шығындар жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
2. Әскерге шақыруға дейінгілерді шақыру пунктіне тіркеу жөніндегі комиссия мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсететін адамдардың бұл міндеттерді атқару уақытында жұмыс орны, атқарған қызметі және орташа айлығы сақталады.
3. «Алға аудандық орталық ауруханасы» МКҚК (С.Тәженов) Алға ауданы Қорғаныс істері бөліміне:
1) бекітілген құрамға сәйкес тіркелетіндерге медициналық куәлік беру жүргізу үшін дәрігер-мамандарды;
2) медициналық комиссия жұмысы үшін қажетті медициналық мүліктерді, құралдарды және дәрі-дәрмектерді бөлсін;
3) дәрігер мамандардың резервтегі құрамын.
4. Меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекеме, ұйым және оқу орындарының басшылары:
1) тіркеуге жататын азаматтарға хабар беру, оларды аудандық шақыру пунктіне шақыру және олардың бұл шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыруға дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындауға қажетті олардың жұмыс (оқу) орындарындағы (стипендия) айлығын сақтай отырып, жұмыстан (оқудан) босатсын.
5. «Алға аудандық білім бөлімі» ММ (М.Тулеуов), Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімімен (Б.Сабетов) бірлесе отырып, Алға ауданының мектептерінде оқитын барлық 1993 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге олуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркеу кезінде анықталған орта білімі жоқ жасөспірімдерді кейіннен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде оқытатындай етіп есепке алсын.
6. Алға аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Өрісбаев) тіркеуді жүргізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полиция қызметкері бөлінсін.
7. Алға аудандық әділет басқармасы (Б.Суентаев), Алға аудандық сотына (Ж.Олжаш) меншік түріне қарамастан органдар мен ұйымдар Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
8. Селолық округтер әкімдері Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің талабы бойынша шақырылған жастарға, әскери пунктіне шақырылғандығын хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін.
9. «Алға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ахметова) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеу жұмысына байланысты шығындарды жергілікті бюджетте қаралған қаржы мөлшерінде қаражат бөлу жүктелсін.
10. Алға ауданы қорғаныс істері бөлімінің бастығы (Б.Сабетов) азаматтардың әскери шақыру участкесіне тіркелуін ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз етудің шараларын алсын. Осы жұмыстың қорытындысы туралы 2010 жылдың 30 наурызына дейін аудан әкіміне хабарласын.
11. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алға ауданы әкімінің орынбасары Н.Ағниязовқа және Алға ауданы Қорғаныс істері бөлімінің бастығы Б.Сабетовке жүктелсін.
12. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алға ауданының әкімі Қ.Сәрсенғалиев