Ескерту. Шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 24.07.2019 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
Қазақстан Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бестамақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 24.07.2019 № 56 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).1. Бестамақ ауылының төмендегі көшелерінің атаулары:
"Магистральный" көшесінің атауы – "Есет батыр" көшесі деп;
"Центральный" көшесінің атауы – "Бөкенбай батыр" көшесі деп;
"Железнодорожный" көшесінің атауы – "Темір жол" көшесі деп өзгертілсін.
Бестамақ ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі жаңадан құрылған көшелерге төмендегідей атау берілсін:
№ 1 көшеге – "Жеңіс" көшесі;
№ 2 көшеге – "Достық" көшесі.
2. Бестамақ ауылдық округі әкімінің 13 наурыз 2009 жылдағы № 14 шешімінің күші жойылсын.
3. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Бестамақ ауылдық округінің әкімі |
Т. Исенов |