Бестамақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 18 "Бестамақ ауылының көшелерін қайта атау және жаңа көшелерге атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 26 шілдеде № 6308 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бестамақ селолық округі әкімінің 2009 жылғы 13 сәуірдегі № 18 қазақ тіліндегі "Бестамақ ауылының көшелерін қайта атау және жаңа көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-77 болып тіркелген, 2009 жылдың 16 маусымда "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің деректемелерінде және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын;

      шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Бестамақ ауылы халқының пікірін ескере отырып, Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. "Бестамақ ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Бестамақ ауылдық округінің әкімі К. Даулеталин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады