Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 80 шешімі. Ақтөбе облысының Байғанин аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 20 мамырда N 3-4-71 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 101 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, 7 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасы негізінде және «Аудандық мәслихаттың 19 желтоқсан 2008 жылғы сессиясында қабылданған, әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда № 3-4-63 болып тіркелген «2009 жылға арналған Байғанин ауданының бюджеті туралы» № 58 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, үйден оқытылатын мүгедек балаларға, ауғандық жауынгерлерге, қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және отбасыларына, қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің отбасыларына, 1986-89 жылдары Чернобыль АЭС-ындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, ай сайын 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 51 «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» (2008 жылғы 24 қыркүйекте Байғанин аудандық әділет басқармасында № 3-4-59 болып тіркелген, «Жем-Сағыз» газетінің 2008 жылғы 8 қазандағы № 41 санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.    

      Сессия төрағасы                          Қ. Сарқұл

      Мәслихат хатшысы                         Б. Турлыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады