Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 58 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы Заңының 36 бабы 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Хронометраждық зерттеу деректері негізінде бір жолғы талонның құны – 100 теңге болып белгіленсін.(Хронометраждық зерттеу деректері қоса жалғанды).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Сарқұл
Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев