Көшені қайта атау туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 104 шешімі. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 22 қазанда № 3-4-84 тіркелді

     Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтін бойынша «село» деген сөзі тиісінше «ауыл» деген сөзімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылдық округі әкімінің 25.12.2014 № 182 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына және 16 бабына сәйкес ауыл халқының пікірін ескере отырып Қарауылкелді ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ауыл орталығындағы Аэропорт көшесінің 31-ден басталатын тұрғын үйлер орналасқан бөлігі ғалым, көрнекті қоғам қайраткері, ҚазССР Ғылым Академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы Бәйішев Сақтаған есімімен аталсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарауылкелді ауылдық округі әкімі

М. Азанқұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады