Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез аурумен ауыруына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 8 мамырдағы N 98 қаулысы. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 14 мамырда N 3-5-96 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 245 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 245 қаулысымен
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27-бабына, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 Заңына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес, ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 3-4/306 ұсынысы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бруцеллез індеті тіркелген Аманкөл селолық округінің Құтикөл ауылы, Ырғыз селосын, Ырғыз селолық округінің Ақши ауылы, Жайсанбай селолық округінің Жайсаңбай ауылы елді мекені мен оған қарасты жайылымдары індет ошағы деп танылып, шектеу іс-шаралары енгізілсін.
      2. Аманкөл, Ырғыз, Жайсаңбай селолық округтерінің әкімдеріне (Ж.Қайыров, Н.Қызбергенов, Б.Аманжол) елді мекен аумағын санитарлық тазалауды, мал көмінділерін салуды ұйымдастыру, ветеринариялық іс-шаралар жүргізілетін қызметтерге барынша қолдау көрсету тапсырылсын.
      3. Ветеринариялық іс-шараларды Ережеге сай орындау ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы Е.Маханбетке, оған осы шараларды орындау кезінде тиісті жәрдем жасау ауданның аумақтық инспекциясына (Ж.Сәрсенов), Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің Ырғыз ауданы бойынша басқармасына (М.Есімбаев), аудандық аурухананың бас дәрігеріне (Ж.Сүлейменов) ұсынылсын.
      4. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі «Ырғыз ауданының бірқатар елді мекендеріндегі ірі қара малының бруцеллез ауруымен ауыруына байланысты шектеу қою туралы» № 86 қаулысы жойылсын.
      5. Осы қаулы аудандық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.
      6. Қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К. Қосаяқовқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                              М.ДУАНБЕКОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады