Ауданның мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 шілдедегі № 93 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 10 тамызда N 3-5-102 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 1 қарашадағы № 39 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2012.11.01 № 39 Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 "Бюджет кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ауданның мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы: хатшысы:
      А.Н. Жалдыбаева М. Өтемұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады