«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, 31-бабына, сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Бірлескен Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 218 қаулысы және Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 27 қазандағы № 191 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1.
«Тәуіп селолық округіне қарасты елді мекендер жерінің жер- шаруашылық жайғастыру мақсатында шекарасы мен көлеміне өзгертулер енгізу туралы» 2008 жылғы 18 желтоқсандағы № 254/60 бірлескен қаулысы мен шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 3-5-86 болып тіркелген, 2009 жылғы 3 ақпандағы «Ырғыз» газетінде № 5 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы 1-қосымша алынып тасталсын.
2.
Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: |
М. Дуанбеков |
Аудандық мәслихат сессиясының |
Б. Балдан |