Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туылған азаматтарды кезекті тіркеу және медициналық куәландыру жайлы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық әкімінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы N 8 шешімі. Ақтөбе облысының Ырғыз аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 05 қаңтарда N 3-5-111 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2010 жылғы 24 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әкімінің 2010.11.24 № 9 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» № 74 Заңының 17-бабын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371  қаулысын орындау үшін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 3337-баптары негізінде ШЕШЕМІН:
      1. 2010 жылдың 4 қаңтары мен 31 наурыз аралығында Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелу жасы 17-ге толатын 1993 жылы туылған азаматтарды, сонымен қатар, бұрын тіркеуден өтпеген, тұрақты немесе уақытша Ырғыз ауданының аумағында тұратын ересек жастағы азаматтарға тіркеу жүргізілсін.
      2. Барлық селолық округтер әкімдеріне, мекеме басшылары мен мектеп директорларына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне шақырылғандарды дер кезінде хабардар ету, олардың қажетті іс-құжаттарымен келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      3. «Ырғыз аудандық орталық аурухана» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына: (Ж.Сүлейменов)
      Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 1844-баптарының негізінде неғұрлым даярлығы жоғары, іс-тәжірибесі бар маман дәрігерлер бөлу, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, тіркеу уақытында анықталған науқасы бар жастарға дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаға жатқызып емдеу, оған бақылау шараларын алу, жүргізілген жұмыстардың барысы жайлы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлама жасап тұру ұсынылсын.
      4. Аудандық білім бөліміне: (М.Тұрымов)
      Аудан мектептерінде оқитын барлық 1993 жылы туылған жасөспірімдерді толық тіркеуге алуды бақылауды жүзеге асырсын. Тіркелу кезінде анықталған барлық орта білімі жоқ жасөспірімдердің кейінен күндізгі және сырттай жалпы білім беру мектептерінде білім алуын қамтамасыз етсін.
      5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Қанымбаев):
      Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабына сәйкес:
      1) комиссия өтіп жатқан уақытта шақыру бөлімінде тәртіпті сақтау мақсатында ішкі істер бөлімінен 2 қызметкер бөлу;
      2) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бұлтарушыларды іздестіру, оларды ұстаудың шараларын алу ұсынылсын.
      6. Барлық селолық округ әкімдеріне аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылған азаматтарды шақырылған күні арнайы жабдықталған, жылы көлікпен жеткізуді қамтамасыз ету тапсырылсын.
      7. Аудандық әділет басқармасына (Ж.Төрежанұлы):
      Қазақстан Республикасы «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 18 бабында қарастырылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
      8. Аудандық қаржы бөлімі (Ә.Аяпберген): азаматтарды кезекті тіркеу жөніндегі іс-шараларды уақытында қаржыландырылсын.
      9. Шақыру учаскесіне тіркеу жөніндегі жұмыстарға тартылған барлық қызметкерлерге осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталсын.
      10. Ырғыз аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге (М.Ыбраев) осы шешімнің орындалуы жайлы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама беру ұсынылсын.
      11. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Шахинге және қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы М.Ыбраевқа жүктелсін.
      12. Шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                 М.ДУАНБЕКОВ

      Жобаны ұсынған:
      Ырғыз ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                   М.ЫБРАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады