Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2011.09.27 № 313 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі» Кодексінің 56 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 Заңының 4 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың Қарғалы әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәурдегі № 3-6-65 болып тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырында «Қарғалы» газетінің № 21-22 сандарында жарияланған 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» аудандық мәслихат шешіміне (Қарғалы ауданының әділет басқармасында 2008 жылғы 29 шілдедегі № 3-6-70 болып тіркелген, 2008 жылғы 2 қыркүйегіндегі «Қарғалы» газетінің № 42-43 сандарында жарияланған аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі № 78 шешімімен енгізілген толықтыруларды еске ала отырып) келесі өзгерістер енгізілсін:
3 тармақ жаңа редакциямен баяндалсын:
Жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын ақшалай көмек көрсетілсін, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға, сондай-ақ 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге, еңбек жағдайындағы мертіккен мүгедектерге, әскери борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектеріне үш мың теңге көлемінде; ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1, 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Шешім 2 тармақпен толықтырылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2010.10.22 № 234 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
Ж.Қалдығұлов Ж.Құлманов