Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 288 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасыңдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Қарғалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 1 "Қарғалы ауданында жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3060 болып тіркелген) шешіміне өзгеріс енгізілсін.
1. Шешім атауы жаңа редакцияда мазмұндалсын: "Қарғалы ауданы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелеріне ақының базалық ставкісіне түзету коэффициентін бекіту туралы"
2. Осы шешім алғаш ресми түрде жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы: | хатшысы: |
Ж.Көлжанов | Ж.Құлманов |