Қарғалы ауданы бойынша жерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер учаскелеріне ақының базалық ставкісіне түзету коэффициентін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2005 жылғы 12 қаңтардағы № 1 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2005 жылғы 15 ақпанда № 3060 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 288 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 07.12.2018 № 288 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің атауына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 2009.07.22 № 155 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 II-ҚРЗ "Жер кодексінің" 8 бабының 2 тармағына, 11 бабының 1 тармағына, сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ауданның жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.

      2. Қарғалы ауданының елді мекендері аумақтары шекаралары және жер учаскелеріне ақының базалық ставкісіне түзету коэффициенті қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      3. Аудандық мәслихаттың 2001 жылғы 26 желтоқсандағы "Жер салықтарының ставкілері туралы" № 5 шешімінің 2005 жылғы 1 қаңтардан күші жойылды деп саналсын.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы: Ж. Құлманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады