Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 31.01.2013 № 5-05/11 хатымен).
2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР-сы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", "Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудан көлеміндегі базарларда тауарлар сататындар үшін біржолғы талондардың бағасы N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қызметтері эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 4 сәуірдегі "Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы" N 9, 2005 жылғы 6 қазандағы N 27, 2006 жылғы 28 наурыздағы N 52 және 2008 жылғы 28 наурыздағы N 33 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешімінің орындалуын бақылау жасау Қобда ауданы бойынша салық басқармасы ММ-нің бастығы С. Айжариковқа жүктелсін.
5. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат сессиясының Аудандық мәслихат
төрағасы хатшысы
Т. Нұржанов І. Қобланов
Аудандық мәслихаттың
сессиясындағы
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 87 шешіміне
N 1 қосымша
Базар алаңдарында тауарлар сататындар үшін біржолғы талондардың бағасы
Сауда түрі |
Біржолғы талондардың бағасы (теңге) |
Мерзімі |
Сөрелерден тауар сату ішінде: |
|
|
Машиналардан тауар сату: |
|
|
Қолдан сату |
|
|
Аудандық мәслихаттың
сессиясындағы
2009 жылғы 24 сәуірдегі
N 87 шешіміне
N 2 қосымша
Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін біржолғы талондар бағасы
Қызмет түрлері |
Біржолғы талондардың бағасы (теңге) |
Мерзімі |
Қолдан газет, журналдар сату |
20 |
1 күнге |
Тұқымдар және күшеттер сату |
50 |
1 күнге |
Жеке және жалға алынған трактор ақылы қызмет көрсету |
300 |
1 күнге |
Үй жануарларын бағу |
100 30 |
1 күнге |
Сыпырғыштар сату |
50 |
1 күнге |
Орман жемістерін сату |
50 |
1 күнге |
Балық сату |
70 |
1 күнге |
Саңырауқұлақтар теру |
100 |
1 күнге |
Жануарлармен құстарға жем-шөп сату |
500 |
1 күнге |