Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2010.04.26 № 101 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарын, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" N 339 Занының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекция бастығы (Ү.Рысқұлов), Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Қобда ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау басқармасы бастығы (Ғ.Құбаев) Құрманов атындағы ауыл округінің Бегалы елді мекенінде адамдардың денсаулығы мен жануарлардың қауіпсіздік мәнін белгілейтін шектеу қойылсын.
2. Қоса беріліп отырған Қобда ауданы Құрманов атындағы ауыл округі Бегалы елді мекенінде ауыл шаруашылығы малдары арасында құтырма ауруының пайда болуына байланысты 2009 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешенді жоспары бекітілсін.
3.Құрманов атындағы ауыл округінің әкімі (Ж.Нұрпеиісов) аудандық аумақтық инспекциясының ветеринариялық бөлімінің бастығы (Т.Ашекбаев)
4. Бегалы елді мекенінде ауыл шаруашылық малдары арасында құтырма ауруының шығуына байланысты 2009 жылға арналған ветеринариялық сауықтыру шараларының кешендегі жоспарын уақытымен және сапалы өткізу жүктелсін.
5.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Л.Исмағамбетова