Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әкімдігінің 2010.04.28 № 166 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 14 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін, қоғамдық жұмыстың көлемі мен түрлері, қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Турмагамбетова А.А.) осы қаулының жүзеге асырылуын қамтамасыз етсін. Қоғамдық жұмысқа қатысушы тұлғалардың еңбек ақысы Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген төменгі еңбек ақысы есебіне сәйкес жыл қаржысынан нақты атқарған уақыты негізінде жүзеге асырылады және төлемдер жұмыссыздардың банкілердегі жеке есеп шоттарына аударылады.
3. Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 29 ақпанда N 3-8-49 тіркелген "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Мәртөк аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 11 ақпандағы N 55 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары И.Г.Цыбаға жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: А.Әмірғалиев
Мәртөк аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 16 қаңтардағы
N 2 қаулысына
Қосымша
Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Мәртөк аудандық әкімиятының 2009.08.27 N 246 қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз)
Уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін,
қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын мекемелер тізбесі,
қоғамдық жұмыстардың түрлері (жобалары) және көлемі
Рет |
Мекемелер атауы |
Қоғамдық |
Шарт |
Берілген |
|
Жұмыс |
адам/күні |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Селолық (ауылдық) округтер: |
"Құрылыс бригадасы", "Жолдар", "Көркейту" "Туған өлке" "Санақ" "Мейірбан медбике" "Эколог" |
13717,0 |
274 |
6028 |
2. |
"Аудандық прокуратура" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" "Көркейту" "Құрылыс бригадасы" |
13717,0 |
7 |
154 |
3. |
"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
6 |
132 |
4. |
"Аудандық қорғаныс істер бөлімі" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
14 |
308 |
5. |
"Аудандық бiлiм |
"Санақ" |
13717,0 |
39 |
858 |
6. |
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық. облыстық филиалының Мәртөк |
"Санақ" |
13717,0 |
2 |
44 |
7. |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі облыстық |
"Ауыл шаруашылығы жұмыстары" |
13717,0 |
11 |
242 |
8. |
"Аудандық орталық емхана" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын |
"Санақ" |
13717,0 |
8 |
176 |
9. |
"Аудандық соты" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
15 |
330 |
10. |
"Аудандық ішкі істер бөлімі" Мемлекеттiк мекеме |
"Сарбазы" |
13717,0 |
9 |
198 |
11. |
"Аудандық орман шаруашылығы" |
"Тәлімбақ" |
13717,0 |
68 |
1496 |
12. |
"Аудандық мәдениет үйі" Мемлекеттiк мекеме |
"Іс шаралар өткізуге септесу" |
13717,0 |
21 |
462 |
13. |
"Аудан әкімінің аппараты" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
22 |
484 |
14. |
"Аудандық әділет басқармасы" Мемлекеттiк мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
14 |
308 |
15. |
Алынып тасталды - Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 246 қаулысымен. |
||||
16. |
ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің "Реcпубликалық ветеринариялық зертхана" |
"Ауыл шаруашылығы жұмыстары" |
13717,0 |
4 |
88 |
17. |
Ақтөбе облысының сот әкімшісінің Мәртөк аумақтық учаскесі |
"Санақ" |
13717,0 |
12 |
264 |
18. |
Мәртөк ауданы бойынша салық басқармасы |
"Санақ" |
13717,0 |
4 |
88 |
19. |
Алынып тасталды - Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 246 қаулысымен. |
||||
20. |
Ақтөбе облысының мемлекеттік санитарлық эпидемиологгиялық қадағалау департаментінің Мәртөк аудандық бөлімі |
"Көркейту" "Құрылыс бригадасы" |
13717,0 |
3 |
66 |
21. |
Жер-кадастр орталығының Мәртөк аудандық филиалы |
"Санақ" |
13717,0 |
1 |
22 |
22. |
Алынып тасталды - Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 246 қаулысымен. |
||||
23. |
"Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі" Мемлекеттiк мекеме |
"Көркейту" |
13717,0 |
2 |
44 |
24. |
"Аудандық жер қаныстары бөлімі" Мемлекеттік мекеме |
"Санақ" |
13717,0 |
5 |
110 |
25. |
Мәртөк ауданының мемлекеттік мұрағаты |
"Санақ" |
13717,0 |
3 |
66 |
26. |
"Мәртөк – сервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
"Көркейту" |
13717,0 |
34 |
748 |
27. |
Алынып тасталды - Мәртөк аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 246 қаулысымен. |
||||
28. |
Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы РМҚК Мәртөк аудандық филиалы. |
"Санақ" |
13717,0 |
7 |
154 |
29. |
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының Мәртөк аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы |
"Перепись" |
13717,0 |
4 |
88 |
Қоғамдық жұмыстарың түрлері (жобалары)
"Құрылыс бригадасы"
Су, газ, кәріз құбырларын және басқа коммуникация жүйелерін төсеу және жөндеу, мектеп, балабақша, аурухана және басқада бюджеттік сала объектілерін жөндеу. Құрылыс аяқталмаған, жартылай қираған ғимараттарды қалпына келтіру.
"Жолдар"
Жаңа жолдарды төсеу және қолданыстағы жолдарды және жол жиектерін, тротуарларды шөптен тазартуға, жөндеуге, жолға төселген материалдарды бекітуге, ұзақ жолға жүретін қоғамдық көліктің тұрағын көркейтуге көмек көрсету.
"Көркейту"
Аулаларды, гүлзарларды, парктерді, елді мекендерді көркейту. Екпе ағаштарды отырғызу және күту, гүлзарларды отырғызу, парктерді бөлу. Балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын ұйымдастыру.
"Туған өлке"
Отынды дайындау, құдықтарды, бұлақтарды тазарта отырып, отырғызылған ағаштарды тазарту. Көпшіліктің шомылуына пайдаланатын өзендер мен су қоймаларының жағалауларын қоршау.
"Ауыл шаруашылығы жұмыстары"
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге, дайындауға және жинауға маусымдық көмек көрсету (көкөніс және бақша өнімдері). Қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету. Малдарды идентификациялау.
"Тәлімбақ"
Ағаштардың, гүлдердің көшеттерін аумақтарды жасыл желектендіру және абаттандыру кезінде одан әрі пайдалану мақсатында өсіру.
"Санақ"
Республикалық, аймақтық науқандарды (түрлі сынақтар, әскерге шақыру) ұйымдастыруға қатысу. Жоба шеңберінде жергілікті салықтарды жинауға, зейнетақы және жәрдемақыны қайта есептеуде, әскерге шақыру кезеңдерінде, жеке сотталғандардың жеке іс қағаздарын жүргізуде көмек көрсету. "Жалғыз терезе" қағидасы бойынша көмек көрсету.
"Іс шаралар өткізуге септесу"
Мәдени мақсаттағы ауқымды іс- шараларды (спорттық жарыстар, халықтық мерекелер) ұйымдастыру кезінде көмек көрсету.
"Жады"
Тарихи – сәулеттік ескерткіштерді, қорықтық аймақтарды қалпына келтіру, оларды күзету және күту. Молаларды, бауырластар зираттарын абаттандыру, тазалау және күзету.
"Мейірбан медбике"
Денсаулық сақтау мекемелері мен үйде ауру және қарт адамдарды күту.
"Тігінші"
Ауруханаларда, мектептермен мектеп – интернаттарда, балалар үйлерінде, еңбекпен түзеу мекемелерінде, әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінде төсек – жаймалармен киім –кешектерді қайта тігу.
"Эколог"
Тұрмыстық, қатты қалдықтарды көмуді ұйымдастыруға көмектесу және көму.
"Кеңесші"
Аз қамтылған азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер жөнінде ақысыз кеңес беру.
"Сарбаздар"
Қоғамдық тәртіпті сақтауға, елді мекендерде мал ұрлығының алдын алуға ІІБ қызметкерлеріне көмектеседі
"Мектептерде ертеңгілік ас әзірлеу"
Оқушылардың тамақтандыруын ұымдастыру үшін
"Суға батушыны құтқарушы"
Суға түсуге арналған арнайы орындарда балалардың және басқа адамдардың суға түсуін қадағалау, суға батушыны құтқару.
"Жас мамандар"
Жас мамандарды оқу бөлімдерін бітіріп келгеннен кейін мамандықтары бойынша жұмысқа тарту, қабілетін күшейту, мамандығына іс жүзінде көмектесу.
"Құс тұмауы"
Құс тұмауын алдын алу мақсатында округ жерлеріндегі су қоймаларын тексеру, жабайы құстардың тұрақтайтын жерлерін және құстың өлімі болған жағдайда оны анықтап, дер кезінде аудандық штабқа хабарлау, үй құстарының жабайы құстармен орналасуына жол бермеу.
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарттары
Жұмыс аптасы 5 күн, екі демалыс күндерін құрайды, 8 сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат. Еңбек ақысы еңбек табелінде көрсетілген нақты жұмыс уақытына байланысты жұмыссыздың жеке есеп шатына аудару жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, еңбек қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулық жүргізіледі, арнаулы киіммен, құрал - жабдықпен қамтамасыз етіледі, зейнетақы және әлеуметтік есептемелер, уақытша еңбек етуге жарамсыздығына әлеуметтік жәрдемақы төлемі жүргізіледі.