Қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларды қосқанда базарларда тауарлар сататындар үшін біржолғы талондар құнын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 98 шешімі. Ақтөбе облысының Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 27 мамырда № 3-8-88 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 59 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 59 шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Базарларда тауарлар сататындар, қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін және қосымша кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талондардың құны қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы                   хатшысы
         М.Ордабаев                       А.Смағұлов

Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы «24» сәуірдегі
№ 98 шешіміне қосымша

1. Қызметі эпизодикалық сипаттағы  жеке тұлғалар
үшін біржолғы талондардың құны

Қызмет түрі

Бір күнге біржолғы талондардың құны (теңге)

1

Қолдан газет, журналдар сату

50

2

Тұқым және көшеттерді сату (тұрақты орындардан сатудан басқа)

50

3

Базар сыртында бақша өнімдерін сату

200

4

Жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу қызметтерін көрсетуі

400

5

Үй жанында және саяжайда өсірілген тірі гүлдерді сату

80

6

Қосалқы ауыл шаруашылығы (бағбаншылық, саяжай учаскелері, бау-бақша) өнімдерін сату

80

2. Қосымша кәсіпкерлік қызмет түрлеріне біржолғы талондардың құны

Қызмет түрі

Бір күнге біржолғы талондардың құны (теңге)

1

Құс және ұй жануарларын бағу

100

2

Жануарлар мен құстар үшін азықтар сату

200

3

Сыпырғыштар сату

50

4

Бал сату

200

5

Балық сату

100

      3. Базарда тауарларды сататын, жұмыс істейтін және қызмет көрсететін, жалға келісім бойынша базар аймағында тұрақты үй-жайларда қызметті жүзеге асырудан басқа тұлғалар үшін біржолғы талондардың құны – бір күнге 200 теңге, базар болмаған ауылдарда - бір күнге 100 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады