Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.08.09 № 34 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Кодексінің 300, 387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Мәртөк ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М.Ордабаев А.Смағұлов
Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 24 сәуірдегі
№ 101 шешіміне қосымша
Мәртөк ауданы аумағында жасыл желектерді күтіп ұстау
мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру
ҚАҒИДАСЫ 1. Жалпы ережелер
1. Мәртөк ауданы аумағында жасыл желіктерді күтіп ұстау мен қорғау елді мекендердің аумақтарын көркейту ережелері Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзу туралы» № 155 Кодексінің негізінде әзірленді.
2. Осы ережелер Мәртөк аумағында жасыл желектерді күтіп ұсау мен қорғау елді мекендерді көріктендіру бағытында заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар жауапкершілігін арттыру мақсатында, олардың міндеттерін белгілейді.
2. Жасыл желектерді күтіп ұстау мен қорғау
3. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелер, лауазымды адамдар, тұрғындар жасыл желектерді қорғау мен күтіп ұстау мақсатында мыналарды орындауға міндетті:
1) қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен қорғауға, жасыл желектерді қорғау шараларын жасауға;
2) өз аумағында жасыл желектендіру ұйымдастыруға.
4. Аудан аумағында жасыл желектерді қорғау мақсатында мыналар тиым салынады:
1) елді мекендердің айналасындағы, жол жиектердегі ағаштар, елді мекендердің ішінде көпжылдық өсімдіктер мен көріктік бұтақтарды заңсыз кесу, бүлдіру мен жоюға;
2) үй жануарларын парк, демалу аймақтарында жаю, жоғарыдағы объектілердің ішінде, қоршауларына байлауға;
3) егілген жасыл жиектер мен гүл алаңдарын бүлдіруге;
4) малды жасыл желек, ағаш егілген жерлерге бағуға.
3. Елді мекендер аумағын көріктендіру
5. Ауданның мемлекеттік ұжымдық, қоғамдық және басқа да кәсіпорындары, ұйымдар мен мекемелері, лауазым иелері, тұрғын үйлердің тұрғындары елді мекендерді көріктендіру мен қалыпты санитарлық жағдайда ұстау мақсатында төмендегі талаптарды орындауға міндетті:
1) құрылыс әлеуметтік тұрмыстық объектілерді тұрғын үй шарбақ – аулалар мен қоршауларды сәулеттік, санитарлық және өрттен қорғау ережелеріне сәйкес ұстауға;
2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелердің атауларын жазып маңдайшаларын дұрыс безендіруге;
3) кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер, тұрғын үй иелері өз мекендері орналасқан жердің аумағын көше жиегіне дейін санитарлық талапқа сай тазалауға;
4) өздерінің аумағын көріктендіруді ұйымдастыруға;
5) тұрғын үй-жайларды иелері бұзып алатын жағдайда бұзылған үймен қосымша құрылыстардың орнын тазалап келтіруге.
6. Елді мекендерді көріктендіру мақсатында аудан аумағында заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға төмендегідей тиым салынады:
1) жергілікті атқару органдарының шешімінсіз дүңгіршіктер, шатыр, кіші спорт алаңдарын, жарнама құрылымын, газет және хабарландыру қалғандарын салу мен аумақты қоршауға, аула шарбағынан тыс жерге құрылыс (дәретхана, құдық, т.б.) салуға;
2) адам жүретін жолдарға, көгалдарға, өзен жағасына, бөгет жыраларға, көн-қоқыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды тастауға, моншаның лас суын өзенге, малға пайдаланатын суға төгуге;
3) қоқысты, көңді және басқа да өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды шашуға.
4. Жасыл желектерді ұстау мен қорғау, елді мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзғандығы үшін жауапкершілік
7. Заңды тұлғалар, лауазымды адамдар және азаматтар осы ережелердің талаптарын орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 Кодексінің 300, 387-ші баптарына сәйкес жауапқа тартылады.
8. Осы ереженің орындалуын қадағалау жергілікті атқару органдарына Мәртөк ауданы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бас инспекторға санитарлық қызметінің мамандарына және аудандық ішкі істер бөлімдеріне жүктеледі.