Қайыңды, Егіндібұлақ, Еңбек ауылдық округтерінен бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 236 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 14 шілдеде № 3-9-102 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 444 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкім аппаратының 20.02.2013 № 444 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағының 9 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 3137 баптарының негізінде және ауданның бас мемлекеттік ветинспекторының ұсынысы бойынша Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қайыңды ауылдық округінің "Қайыңды" ауылы, "Алтынды" ауылы, шаруа қожалықтары, Егіндібұлақ ауылдық округінің "Бұлақ" ауылы, "Миялыкөл" ауылы, шаруа қожалықтары және Еңбек ауылдық округінің "Сағашилі" ауылы, "Басшилі" ауылы, "Темірмосты" ауылы, "Тепсең Қарабұлақ" ауылдарынан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінен бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу қойылсын.
      2. Ауылдық округ әкімдері И. Ниязова, Қ. Бекжанов, Ғ. Байланов және Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы Ғ. Шамшин (келісімімен), "Мұғалжар аудандық ауылшаруашылығы бөлімі" ММ (Ж. Қаерқұлов) осы округтерде бруцеллез ауруы туралы түсінік жұмыстарын кеңінен жүргізіп, ауруға шыққан мал басын 5 күн ішінде сойып, жою туралы мал иелеріне ескертулер жасап және ауру мал шыққан жерлерде екі қайтара таза нәтиже бергенге дейін бруцеллез ауруына тексеруді ұйымдастырсын.
      3. Аурудан таза емес елді мекендер аумағында жануарлар қозғалысына көлемді мал азығының тасымалына тиым салынсын. Малдары бруцеллез ауруына шыққан үйлерге шектеу қойылғаны жөнінде жазылған тақтайшалар мен белгілер қойылсын. Мал тұратын аула мен қора жайлар толық залалсыздандырылсын.
      4. Облыстық мемлекеттік санитариялық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің аудандық бөлімінің бастығы С. Ділімбетов (келісімімен) ауру малдармен жұмыс істеген адамдарды анықтап, оларға бруцеллез ауруына қарсы іс-шараларды жүргізсін.
      5. "Мұғалжар аудандық ішкі істер бөлімі" ММ (Ж. Әліқұлов, келісімімен) шектеу қойған елді мекендерде ірі қара мал басы мен көлемді мал азығының қозғалысына бақылау жасау ұсынылсын.
      6. Ауданның бас мемлекеттік ветинспекторы (Ю. Веселовский, келісімімен) мал дәрігерлік іс-шаралар өткізу барысы туралы аудан әкімдігіне әр айдың 25 жұлдызында хабардар ететін болсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                   С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады