2010 жылға арналған жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық құмыстарды ұйымдастыру

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 475 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 3 ақпанда N 3-9-114 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 сәуірдегі № 155 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011.04.22 № 155 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы Заңының 7, 20 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 836 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен
ұсыныстар ескеріліп қоса беріліп отырған:
      1) ақылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың тізбесі;
      2) ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін мөлшері және оларды қаржыландыру көздері бекітілсін.
      2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты қаражат шегінде және бюджеттік қамтамасыз ету "Мұғалжар аудандық экономика жоспарлау бөлімі" MM бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Аудандағы жұмыссыз азаматтарды жұмыстармен қамтамасыз етуді және жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға арналған шарттарды жасау жұмыстары "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік (бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннең бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауданының әкімі                  С. Шаңғұтов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады