Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының 14.02.2013 № 59 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын, 7 бабының 5 тармағын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27 бабын, "Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 56 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Күнделікті пайдаланатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты халықтың аз қамтылған топтарына төмендегідей мөлшерде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, сонымен қатар зейнетақының ең төменгі мөлшерінен де төмен зейнетақы алатын азаматтарға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
Ескерту. 1 тармақшаға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2010.07.26 № 194 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.2) әскери мүгедектерге және жалпы ауруларына байланысты 1,2,3 топтар мүгедектеріне, мүгедектік топқа жататын бала күнінен мүгедектерге 3000 теңге көлемінде;
3) үйден тәрбиеленетін, оқытылатын мүгедек балаларға 1 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.
2. Хромтау аудандық мәслихатының "Хромтау аудандық Әділет басқармасы" ММ-де 2008 жылдың 11 тамызында N 3-12-60 болып тіркелген аудандық "Хромтау" газетінің 2008 жылғы 14 тамыздағы N 37-38 сандарында жарияланған 2008 жылдың 29 шілдесіндегі N 55 "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихат |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Н.Арсений | Д.Молдашев |