Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының 14.02.2013 № 59 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабын, 7 бабының 5 тармағын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабын, "Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексінің 56 бабын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 ақпандағы "Хромтау ауданының мұқтаж азаматтарының жекеленген санаттарына ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-85 тіркелген, аудандық "Хромтау" газетінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 11 санында жарияланған) № 105 шешіміне мынадай өзгерту енгізілсін:
1-тармақтың 1-тармақшасындағы "зейнетақының ең төменгі мөлшерін, ең төменгіден де төмен зейнетақы" деген сөздер "зейнетақының ең төменгі мөлшерінен де төмен зейнетақы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 01 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудандық мәслихат | Аудандық мәслихаттың |
сессиясының төрағасы | хатшысы |
Қ.Абиев | Д.Молдашев |