Хромтау қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 шілдедегі N 138 шешімі. Ақтобе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 30 тамызда N 3-12-98 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 283 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011.12.22 № 283 Шешімімен.

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 67 баптарына және «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің  3387 баптарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау қаласының аумағын көріктендіру Ережесі бекітілсін. (қоса берулі).
      2.«Ауданның елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалық сақтау, санитарлық тазалау, көркейту Ережелерін бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2003 жылдың 13 мамырында № 2148 номермен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2003 жылдың 16 мамырындағы № 20 санында жарияланған аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 4 шешімі, «Ауданның елді мекендерінің аумағын жинастыруды ұйымдастыру, тазалық сақтау, санитарлық тазалау, көркейту Ережелерін бекіту туралы» 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2005 жылдың 22 қазанында № 3-12-15 номермен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2005 жылғы 4 қарашадағы № 44 санында жарияланған 2005 жылдың 22 қазанындағы № 112 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4.Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.М.Хасановқа жүктелсін.

      Аудандық мәслихат                    Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы                 хатшысы
     А.Егізбаев                          Д.Молдашев

Аудандық мәслихаттың
2009 жылдың 21 шілдесіндегі
№ 138 шешімімен бекітілген.

Хромтау қаласының аумағын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ

      Қағидасында «.... тыйым салынады», «міндетті» деген сөздер «...рұқсат етілмейді.» сөздерімен,  «жауапкершілікке тартылады.» деген сөздер  «жауапты» деген тиісті сөздермен ауыстырылды - 2009.10.26 N 153 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Хромтау қаласының аумағын көркейту Ережесі Қазақстан Республикасының Әкімшілік Кодексінің 3387 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 67 баптарына, «Коммуналдық гигиена бойынша санитарлық - эпидемиологиялық ережелері мен нормаларын бекіту туралы» ҚР Денсулық сақтау Министрінің 2005 жылғы 24 наурыздағы № 137 бұйрығына сәйкес дайындалды.
      Ереже жеке және заңды тұлғалардың Хромтау қаласының инфрақұрылым нысандарын көркейту, тазалау, аумақты жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету, күтіп ұстау және қорғау саласындағы қарым-қатынастарын реттейді.
      Хромтау қаласының аумағын көркейту, тазалау, жинауды ұйымдастыру және тазалық сақтауды қамтамасыз ету бойынша қызметті үйлестіру мен ұйымдастыруды Хромтау қаласы әкімі аппаратының лауазымды тұлғалары, басқарудың уәкілетті органдары, мекемелер, қаланы көріктендіру кәсіпорындарының басшылары, баланста ұстаушылар, жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жүзеге асырады.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер мен анықтамалар

      2. Қаланы көріктендіру - кіші сәулет формаларын көркейту нысандарын салу мен жөндеу, аумақты тиісті жағдайда ұстау, жарықтандыру, көгалдандыру, сыртқы жарнама, қаланың сыртқы келбетін құру бойынша жұмыстарды қамтитын, қала аумағында тұрғындардың өмірі мен бос уақытына игі, салауатты және мәдени жағдай жасауға бағытталған жұмыстар мен іс-шаралар кешені.
      3. Қала инфрақұрылымы - адамдардың өмірі үшін қолайлы жағдай жасайтын қала аумағында орналасқан түрлі мақсаттағы нысандардың, коммуникация, инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы.
      4. Қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару шарты - тапсырыс беруші мен қоқыс шығаратын мердігерлік ұйым арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығару жөнінде жасалынған заңды күші бар жазбаша келісім.
      5. Бекітілген аумақ - осы Ережеде анықталған тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін бекітіліп берілген жер учаскесі.
      Қала шегінде бекітілген нысандар болып:
      1) жетілдірілген төсемдері бар көшелер үшін қала көшелері жағындағы, өтпе жолдың шетімен шектелген, қала көшелері жағындағы немесе жетілдірілмеген төсемдері бар көшелер үшін өтпе жолдың ортасына дейінгі аумақ;
      2) ораміші аумақтарының учаскелері;
      3) аулаішілік аумақтар - шағын сәулет нысандарын, балалар, кір жаю, қоқыс жәшіктері алаңдарын, автокөлік аялдамаларын, сәндік құрылғылар орнату, үйге кіретін жолдар, аулаға енетін жолдар үшін пайдаланылатын (бір аулада бірнеше жер пайдаланушылар болған жағдайда бекітілген аумақтың шекарасы пайдаланылатын аумақ шекарасы бойынша үйлесімді түрде немесе тараптардың келісімімен анықталады) жерлер; уәкілетті органдардың рұқсатымен, жинақтау үшін және басқа да мақсаттарға уақытша пайдаланылатын аумақ, іргелес жатқан аумақ; жер үсті жылу желілерінің қорғалатын аумақтары табылады.
      6. Бекітілген аумақтың субъектілері болып жеке тұлғалармен қатар заңды тұлғалар да бола алады:
      1) пәтер иелері кооперативтері (одан әрі - ПИК), кондоминиумдер басшылары, ғимараттар мен имараттар иелері;
      2) жерлер уақытша немесе тұрақты пайдалануға берілген тұлғалар.
      7. Ғимарат - көтергіш және қоршау құрылғыларынан тұратын,  рұқсат етілмейді түрде жер үсті тұйық көлемін құрайтын, функционалдық қызметіне қарай, адамдардың тұруы немесе болуына, өндірістік істерді орындау үшін, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға арналып салынған жасанды құрылыс. Ғимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін.
      8. Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан, (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке меншік секторындағы үй иелері, ПИК-тер және басқалар) қала шегінде жер учаскелерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.
      9. Жалпы пайдалану жерлері - жеке меншікке берілмейтін жерлер (скверлер, саябақтар, жолдар, жүргінші жолдары және тағы басқа).
      10. Көшелердің санаттары - жолдардың, көшелердің және кіру жолдарының көлік қозғалысының үдемелілігі мен олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктеріне байланысты жіктелуі.
      11. Қоқыс жәшігі - қатты тұрмыстық қалдық жинауға арналған арнайы ыдыс.
      12. Ірі көлемді қалдық - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тұтыну және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).
      13. Шағын сәулеттік нысандар - көлемі жағынан шағын, әсемдік әрі іске жарамды сипаттағы нысандар:
      1) сәндік құрылғылар - мүсіндер, су бұрқақтар, стелалар, әсемдік су тоғандары, оймабедерлер, гүл құмыралары, ту салғыштар және басқалар;
      2) іске жарамды имараттар - орындықтар, павильондар, дүңгіршіктер, сауда арбалары, аттракциондар, отырғыштар, қақпалар, қоршаулар, қоқыс қораптары, көшелер мен үйлер жазылған тақтайшалар, тірек бағаналар, көше шамдары және басқалар.
      14. Жалпы пайдалану орындары - демалыс аймақтары (саябақтар, жағажайлар, скверлер), алаңдар, көлік аялдамалары және т.б.
      15. Жөн-жосықсыз төгілген қоқыс үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі барысында пайда болған қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты, өндіріс және құрылыс қалдықтарын, басқа қоқыстар, қар, мұздарды өз еркімен (жөн-жосықсыз) шығару (орналастыру) немесе жинау.
      16. Бөлінген аумақ - жерді пайдаланушының (кәсіпорынның, мекеменің, жеке тұлғаның және т.б.) иелігіне берілген немесе Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған уәкілетті органдардың құқықтық шешімдеріне сәйкес өзіне жататын нысандарды орналастыру үшін пайдалануға берілген жер учаскесі.
      17. Өндірістік және тұтыну қалдықтары (бұдан әрі - қалдықтар) - өндіру немесе тұтыну кезінде пайда болған шикізат, материалдар, жартылай өңделген өнімдердің, басқа да бұйымдар мен тағамдардың қалдықтары, сондай-ақ өздерінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан тауарлар (өнімдер).
      18. Аумақты тазарту - елді мекендердегі халықтың өмір сүру барысында пайда болған қалдықтарды (қоқыстарды) жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын мақсаттағы шаралар жиынтығы.
      19. Іргелес жатқан аумақ - жеке меншіктегі, иеліктегі, жалға алып пайдаланудағы ғимараттар, құрылғылар, қоршаулар, құрылыс алаңдары, сауда, жарнама және пайдалануындағы басқа да нысандар шекараларына жанасып жатқан, санитарлық нормалармен анықталған аумақ.
      20. Жүру бөлігі, өтетін жер - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және мөлтек аудандар мен орамдар ішіндегі басқа да қалалық құрылыс нысандарына көлік құралдарының кіруін қамтамасыз етуші жол бөлігі.
      21. Қатты тұрмыстық қалдықты, ірі көлемді қалдықты жинау және шығару - қатты тұрмыстық қалдық жәшіктерін арнайы автокөліктерге тиеу, қоқыс жәшіктерін, алаңдарын және оларға баратын жолдарды шашылған қоқыстан тазарту және оларды қоқыс жинау орнынан жою орнына тасымалдау.
      22. Жолдарды күтіп ұстау - көлік жолдарын пайдалану тәртібіне сай жолдар мен жол құрылғыларының көліктік-пайдалану жағдайы сақталатын жұмыстар жиынтығы.
      23. Ғимарат - өндірістік үрдістерді орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру мен сақтауға немесе адамдар мен жүктердің уақытша тұруына (орын алмастыруына), сондай-ақ құрылғыларды (құбырлар, сымдар) немесе коммуникацияларды орналастыруға арналған, табиғи немесе жасанды шектелу аумағы бар көлемді, жазықты немесе тізбекті салынған (жер үсті, су үсті немесе жер асты, су асты) жасанды құрылыс. Ғимарат сондай-ақ көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкін.
      24. Жүргінші жолдары - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға іргелес жатқан немесе одан көгалмен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.

3.Қала аумағын тазарту тәртібі

      25. Жер учаскелерін пайдаланушылар арасындағы аумақтарды тазарту жұмыстарының шекарасын анықтау, заңды және жеке тұлғаларға бекітіліп берілген аумақтарға сәйкес, осы Ереже негізінде орындалады:
      Көше-жол желілері, алаңдарға, қоғамдық орындар (жалпы пайдаланылатын демалыс аймақтары, саябақтар, скверлер, жағажайлар) бойынша мемлекеттік тапсырыс көлемінде уәкілетті органмен жүргізіледі.
      26. Тазарту жұмыстары осы Ереженің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
      27. Жалпы пайдаланылатын орындарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарына келесі жұмыс түрлері жатады:
      1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау мен шығару;
      2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
      3) сыпыру;
      4) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын жөндеу және сырлау.

3.1. Көшенің жүру бөлігін тазарту

      28. Барлық ені бойынша көшенің жүру бөлігін, алаңдарды, көшелерді және қалалық көше желілерін, көлік қою қалталарын, автобустар мен троллейбустардың соңғы аялдамаларындағы бұрылу алаңдарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырыс келісім шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.
      29. Жолдың жүру бөлігі қандай да болмасын ластанудан, ал жол жиектері ірі көлемді қалдықтар мен басқа да қалдықтардан толығымен тазартылады.

3.2. Жүргінші жолдарын тазарту

      30. Көше мен жүру бөлігіне іргелес жатқан немесе жол жағынан көгалмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіре берісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету нысандарынан, сондай-ақ жағалаудағы қоршаулардан шығатын жол жоқ жүргінші жолдарын тазалауды жүру бөлігін тазартатын кәсіпорындар жүргізеді.
      31. Көпірлерде, жол желілерінде орналасқан жүргінші жолдарын, сондай-ақ инженерлік құрылғылар мен баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық жүргінші жолдарды тазартуды аталмыш инженерлік имараттардың иелері болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.
      32. Көшелер мен жүру бөлігі бойына орналасқан басқа жүргінші жолдары бойынша тазарту жұмыстарын жүру бөлігін күтіп ұстауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.
      33. Жүргінші жолдары толығымен топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.

3.3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      34. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама және отырғызу алаңдарын тазалау жұмыстарын жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Отырғызу алаңдары топырақ-құм шайындыларынан, әртүрлі қоқыстан тазартылады.
      35. Жолаушылар павильондары мен оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын тазарту және жуу жұмыстарын олардың иелері жүргізеді.

3.4. Қаланың басқа аумақтарын тазарту

      36. Қала көшелеріне іргелес жатқан аумақтарды, оларға қала көшелерінен кіретін жолдарды тазалауды және күтіп ұстауды бөлінген аумақта меншігінде ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізеді.
      37. Жүргінші жолдарында орналасқан сыртқы жарықтандыру және байланыс желісі бағаналары мен діңгектері аумағын тазарту жұмыстарын жүргінші жолдарын тазалауға жауапты кәсіпорын жүргізеді.
      38. Трансформаторларға немесе тоқ бөлгіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік имараттарға (қызмет көрсетушілері жоқ), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақты тазарту жұмыстарын осы нысандардың иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күтіп ұстау жұмыстары осы желілердің иелерімен жүргізіледі.
      39. Сауда нысандарына (базарлар, сауда павильондары, тез құрылатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршіктер және т.б.) іргелес жатқан аумақтағы уақытша көше саудасының орындарын көшенің жүру бөлігіне дейін тазалауды сауда нысандарының иелері жүргізеді. Іргелес жатқан көгалдарда, сауда шатырларының, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының үстінде жәшіктерді, ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
      40. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын тазарту мен тазалығын сақтау жұмыстарын нысан иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.
      41. Ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты тазарту мен күтіп ұстау жұмыстарын осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе тапсырыс беруші немесе шарт бойынша ғимараттарды бұзу жұмысымен айналысқан мердігер кәсіпорындар жүргізеді.
      42.Пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтарды, сондай-ақ ғимараттарға, имараттарға және басқа да нысандарға іргелес жатқан, бірақ заңды және жеке тұлғаларға бекітілмеген аумақтарды тазалау және күтіп ұстау бөлінген қаржы шегінде жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
      43. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ластанған аймақты тазартуды осы бұзылуға жол берген ұйымдар жүргізеді.
      44. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі төсеніштің сынықтарын шығаруды осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар орындайды. Қаланың басты көшелерінен сынықтар тез арада, басқа көшелер мен аулалардан бір тәулік мерзімде шығарылады.
      45. Суаққы желісінің бітелуін болдырмау үшін суаққы коллекторларына сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

3.5. Күзгі-қысқы мезгілдегі қала аумағын тазартудың ерекшеліктері

      46. Күзгі-қысқы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 қазан мен 15 сәуір аралығында белгіленеді.
      47. Саябақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа көгалды аймақтардағы жолдарды тазарту кезінде жасыл желектердің сақталуы мен еріген сулардың ағуын қамтамасыз еткен жағдайда құрамында химиялық қоспалары жоқ қарларды осы мақсаттарға бұрын дайындалған алаңдарда үюге рұқсат етіледі.
      48. Қысқы мезгілде жолдар, саябақ орындықтары, қоқыс қораптары және басқа да элементтер мен шағын сәулет формалары, сондай-ақ олардың алдындағы және жанындағы жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.
      49. Жолдың жүргінші жолдары мен жүру бөлігінде көшелердегі инженерлік желілерде болған апаттар нәтижесінде пайда болған мұздақтар осы желілердің иелері болып табылатын кәсіпорындармен бөлшектенеді және тазартылады. Бөлшектенген мұздақтар белгіленген орындарға шығарылады.
      50. Көшелер мен жолдардағы қар арнайы дайындалған және бекітілген жерлерге шығарылады. Қар тазалауға жауапты кәсіпорындар қар ерігеннен кейін бұл аумақты қоқыстан тазартады.
      51. Жүргінші жолдар мен көпірге шығатын жерлер жаңа қардың бетіне түсекенінен бастап қатты қарға дейін барлық ені бойынша тазартылады, үздіксіз қар жауу кезінде тайғанаққа қарсы материалдармен себіледі.
      52. Аула аумақтары мен кіру жолдары қар мен мұздақтан мүмкіндігінше асфальтты төсенішке дейін тазартылады. Мұздақ (тайғақ) пайда болған жағдайда ұсақ құм себу жүргізіледі.
      53. Аула аумақтары мен ішкіорамдардан тазартылған қарды автокөліктің еркін жүруіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарға жинауға рұқсат беріледі.
      54. Аула ішінде қарды жинаған кезде судың жылғалармен ағып кетуі алдын ала қарастырылуы керек.
      55. Қысқы мезгілде ғимарат иелері және жалға алушылар шатырларын қар мен мұзшықтан, сүңгілерден уақытында тазарту жұмыстарын ұйымдастырады. Бұл жұмыстар кезінде жүргіншілер жолдарының аймағы алдын ала қоршауға алынады. Көше жаққа бағытталған шатырлардан қар мен мұздақтарды жүргінші жолдарына лақтыру тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа бағыттарынан қар түсіру аулаішілік аумақта жүргізіледі. Қарды түсіру алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қорғау шаралары жүргізіледі. Шатырлардан түскен қарлар, мұзшықтар мен сүңгілер жедел түрде жол жиегіне қарай жиналады және одан әрі көшенің жүру бөлігін тазартушы кәсіпорынның алып кетуі үшін дайындалады.
      56. Суаққы құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

3.6. Көктемгі-жазғы мезгілде қала аумағын тазартудың ерекшеліктері

      57. Көктемгі-жазғы мезгілдегі тазалық мерзімі 15 сәуір мен 15 қазан аралығында белгіленеді.
      Көктемгі-жазғы тазарту алаңдарды, жүргінші жолдарын, жүру бөлігін жуу, су шашу және сыпыруды қарастырады.
      58. Жол жамылғыларын, осьтік және қосалқы жолақтарды, көшелер мен өткелдерді сыпыру көліктің интенсивті қозғалысы бар магистральдар мен көшелерде жол жабындысын алдын-ала сулау арқылы түнгі мезгілде, қалған көшелерде күндізгі мезгілде жүргізіледі.
      59. Тазарту кезінде жолдың жүру бөлігі, жүргінші жолдары, жол жиектері барлық ластан, ұсақ қоқыстан, топырақтан және ірі қоқыстан толығымен тазартылады.
      60. Аула аумағын, аулаішілік өту жолдарын мен жүргінші жолдарын ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазартуды, шаңын сыпыру және жууды пәтер иелерінің кооперативтері, үйлер комитеттері жүргізеді.

4. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      61. Заңды және жеке тұлғалар жақын жатқан аумақтарды, жүргінші жолдарды, көгалдарды, жолжиектерді тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді және оны қалыпты жағдайда ұстап отырады. Тазарту жұмыстарының жүргізілуіне орай арнайы кәсіпорынның көмегімен жиналған қоқысты шығарады.
      62. Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары, кондоминиумдер басқарушылары, ғимараттар мен имараттардың меншік иелері орамішілік және аула аумақтарын, көшенің жүру бөлігін, жүргінші жолдарын, балалар алаңдарын және шағын сәулет нысандарын тазалуды ұйымдастырады.
      63. Жеке меншік тұрғын үй қорында тұратын азаматтар өз беттерінше жақын жатқан аумақты тазалауды ұйымдастырады.
      64. Күрделі және уақытша нысандардың иелері өздеріне бөлініп берілген аумақтарды өз беттерінше тазалайды немесе тазарту және жинау жұмыстарын жүргізетін мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отырады.
      65. Қала аумағында тұрмыстық және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, жәшіктер мен ыдыстарды, ағаш үгінділерін, жапырақтарды, қарды лақтыруға, сондай-ақ кәсіпорындардың және жеке меншік үй иелерінің ішкі аумақтарын қоса алғанда, қоқыстарды, жапырақтарды, жәшіктерді, өндірістік қалдықтарды жағуға, от жағуға рұқсат етілмейді.
      66. Жер үсті суларын кәсіпорындар аумағынан инженерлік жүйелерге ағызуға кәріздік инженерлік жүйелерді пайдаланушы кәсіпорындармен шарт болған жағдайда рұқсат беріледі.
      67. Көлік құралдарын тұрғын-жай орамдар ішінде, жалпы пайдаланылатын жерлерде, су айдайтын ұңғылар, адамдардың демалу орындарында, тұрғын үйлердің шығу есіктерінің алдында жууға, тазартуға және жөндеуге рұқсат етілмейді.
      68. Топырақ, төгілмелі құрылыс материалдары және қоқысты тасымалдау кезінде жолдардың бүлінуіне жол бермейтін шаралар қабылданады. Төгілмелі материалдарды және қоқысты бұл мақсатқа арналмаған көліктермен тасымалдауға рұқсат етілмейді.
      69. Жолдың жүру бөлігіне қоқыс, қозғалысқа қауіп келтіретін, жүріс бөлігін ластайтын бөтен заттар тастауға рұқсат етілмейді.
      70. Үй жануарларын ортақ пайдалану орындарында, подъездерде тағы басқа жерлерде серуендетуден кейін пайда болған қоқысты жануар иелері тез арада тазартады.

5. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау, уақытша сақтау, шығару және жою

      71. Қатты тұрмыстық қалдықтарды және ірі көлемді қалдықтарды (құрылыс материалдары, қалдықтар) арнайы бекітілген жерге шығару қоқыс жинау кәсіпорынының көмегімен келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Тұрғын үй қорынан қатты тұрмыстық және ірі көлемді қалдықтарды шығаруға арнайы кәсіпорындармен келісім-шартты пәтерлер иелері кооперативтерінің төрағалары, кондоминиумдер басшылары, жеке тұрғын үй иелері жасайды.
      72. Тұрғын үйлердің аумағында қоқыс жәшіктерін орнату үшін көлік өтуге ыңғайлы жолдары бар арнайы алаңдар бөлінуі қажет. Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған қоқыс жәшіктері қолданылады.
      73. Сауда ұйымдарының ыдыстарын уақытша жинауды арнайы бөлмеде, болмаған жағдайда осы мақсатқа арнайы бөлінген аула алаңдарында жүргізу керек. Бұл алаңдар сым қоршаулармен қоршалады.
      74. Заңды және жеке тұлғаларға көшелер мен алаңдарда, саябақтар мен скверлерде, басқа да қоғамдық орындарда қоқыс тастауға, қоқыс және тұрмыстық қалдықтар салынған ыдыстарды көшелерге шығаруға, қоқыс жәшіктерінде қалдықтарды жағуға, бей-берекет қоқыс үйінділерін жасауға, жерге көмуге, қоқыс жәшіктерінің алаңдарын ластауға, қоқыс жәшіктері мен оған жақын аумаққа қатты тұрмыстық қалдыққа жатпайтын қоқыстарды жинауға рұқсат етілмейді.
      75. Кәсіпорындарға, ұйымдарға, жеке кәсіпкерлерге тұрғын үй қорында орналастырылған қоқыс жәшіктерін қоқыс шығаруға мамандандырылған кәсіпорынның келісім-шартынсыз пайдалануға рұқсат етілмейді.
      76. Қатты тұрмыстық қалдық қоқыс шығарушы көліктермен, ал кәрізсіз тұрғын үйлерден шығатын сұйық қалдықтар бөшкелері бар сорғы көліктермен шығарылады.
      77. Аумағында (бөлініп берілген, бекітілген, аулаішілік) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар бар заңды тұлғалар мына талаптарды:
      1) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар, оларға баратын жолдарды қатты жамылғылармен төсеуі;
      2) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстар шашылмау үшін бүтін қоршаумен қоршауы;
      3) қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдар мен оған іргелес жатқан аумақтың тиісті санитарлық тазалығын қамтамасыз етуі;
      4) қатты тұрмыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды шығаруға, сыпыруға уақытында шарт жасасуы;
      5) жылдың қысқы мерзімінде қоқыс жәшіктері орналасқан алаңдарды мамандандырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында қар мен мұздан тазартылуын қамтамасыз етуі;
      6) қоқыс жәшіктерін уақытында жөндеуі және одан әрі пайдалануға келмейтін жәшіктерді ауыстыруы;
      7) қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңдарды және қоқыс жәшіктерінің астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылуын, залалсыздандырылуын және шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық шаралардың қолданылуын қамтамасыз етуді сақтауы тиіс.
      78. Қоқыс пен қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыруды мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау органдарымен, пәтерлер иелері кооперативтерімен және коммуналдық қызметтермен келістіру қажет.
      79. Қоқысты контейнерлерден көлікке тиеу кезінде шашылып қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын қатты тұрмыстық қалдықтар, ірі көлемді қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
      80. Қоқыстарды жою қаланың қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында жүргізіледі.
      81. Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру және күтіп ұстау жұмыстары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      82. Жөн-жосықсыз үйінділердің жиналуына, қалдықтардың жағылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әкімшілік жауапты. Жөн-жосықсыз үйінділерге жауапты тұлғаларды анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда, қалдықтарды шығару және жөн-жосықсыз үйінділер орнын қалпына келтіру жұмыстары уәкілетті органдармен бекітілген мерзімде аумақтар иелерінің, оларды жалға алушылардың қаражаты есебінен жүргізіледі.
      83. Вокзалдарда, базарларда, саябақтарда, демалыс аймақтарында, алаңдарда, білім, денсаулық сақтау мекемелерінде және көпшілік баратын жерлерде, көшелерде, қоғамдық жолаушылар көлігі аялдамаларында, сауда және басқа нысандарға кіре берістерде қоқыс қораптары орнатылуы керек. Сауда нысандарына кіре берістерде екі қораптан орнатылады.
      84. Қоқыс қораптарын орнату мен тазалау жұмыстарын мемлекеттік тапсырыс шартына сәйкес аумаққа қызмет көрсетуші мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданылуында аумақтары бар шаруашылық жүргізу субъектілері жүргізеді. Қораптарды тазарту жұмыстары олардың толуына қарай орындалады. Күніне бір рет жуылады. Қораптар жылына екі реттен кем емес залалсыздандырылып, сырланады.
      85. Қалалық жолаушылар көліктері аялдамасында орналасқан қораптарды аялдамаларды жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындар, ал сауда нысандарында орнатылған қораптарды сауда ұйымдары тазартып, залалсыздандырады.

6. Шағын сәулет нысандарын күтіп ұстау

      86. Тұрғын үй құрылысы аумақтары, қоғамдық аумақтар, скверлер, көшелер, саябақтар, демалыс алаңдары шағын сәулеттік нысандармен - демалу орындықтарымен, көлеңкелейтін қалқалармен, гүлзарлармен, орындықтармен, қоқыс қораптарымен, су бұрқақтарымен, балалар ойнайтын, ересек адамдар демалатын құрылғылармен, қабырға газеттерімен, қоршаулармен, телефон қорапшаларымен (қалқалармен), автокөлік күтуге арналған павильондармен жабдықталады.
      87. Шағын сәулет нысандары жылжымалы және тез жиналмалы болуы мүмкін, олардың саны мен орналасуы аумақтарды көркейту жобаларымен анықталады.
      88. Қоғамдық құрылыс аумағында, алаңдарға, көшелерге, скверлер мен саябақтарға, жағалауларға арналған шағын сәулет нысандары жеке жобалар бойынша дайындалады.
      89. Жаңа құрылыс салу кезінде құрылыс жүргізіліп жатқан учаске шегінде шағын сәулет нысандарын жобалау, дайындау және орнату жұмыстарын тапсырыс беруші бекітілген жобалық-сметалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
      90. Шағын сәулет нысандарының сындарлы шешімдері олардың орнықтылығын, қолдану қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет.
      91. Шағын сәулет нысандарының иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар оларды ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын өз есебінен жүргізеді. Шағын сәулет нысандарын ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі-жазғы мезгілдерде жүргізіледі.
      92. Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінде сыртқы көріктендіру элементтерінің (қоршау, электр бағаналары, жиектастар және тағы басқа) бұзылуы (зақымдануы) болған жол-көлік оқиғасы туралы ақпарат болған жағдайда ол туралы Хромтау қаласы әкімінің аппаратына хабарланады және жол-көлік оқиғасы болған күннен бастап кінәлі есебінен мүлікті қалпына келтіруге тиісті шаралар бір апта ішінде жүргізіледі.

7. Құрылыс алаңдары мен учаскелерді күтіп ұстау

      93. Құрылыс алаңы барлық аумағы бойынша бөтен тұлғалардың кіруіне жол бермеу және іргелес жатқан аумақтарға қоқыстың шығуын болдырмау мақсатында қоршаумен қоршалады:
      1) адамдардың көптеп өтетін жерлерінде қоршауға жаппай қорғау қалқаны орнатылуы тиіс;
      2) қоршау металдан жасалған материалдардан немесе қоршауға арналған темірбетон қабырғаларынан дайындалуы тиіс;
      3) құрылыс алаңынан екінші дәрежелі көшелерге шығуға арналған аз мөлшерлі қақпа немесе шлагбаум орнатылған шығу жолдары қарастырылуы тиіс;
      4) шығу жолдарында ақпараттық қалқандар орнатылады;
      94. Құрылыс алаңының аумағын тазалықта және тәртіпте ұстау қажет. Құрылыс және тұрмыстық қоқыстарды жинау үшін қоқыс жәшіктері орнатылып, уақытылы шығарылуы ұйымдастырылады:
      1) құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақ та ұқыпты түрде күтіліп, мезгіл сайын жинастырылуы тиіс;
      2) құрылыс алаңының сыртына (желмен т.б.) құрылыс материалдарының, қоқыстың (синтетикалық қабыршықтар, үгінділер, жаңқалар, орауға арналған материалдар және тағы да басқалары) шығуына жол бермейтін шаралар көзделуі тиіс;
      3) жабық лотоктар мен жинаушы-бункерлерді қолданусыз нысандардың жоғарғы қабаттарынан қоқыстар мен қалдықтарды тастауға тиым салынуы тиіс;
      4) қажеттілік туындаған кезде жүргінші жолдарын, төсеніштер, таяныштар, айналма және уақытша жолдар жабдықтау және олардың ұқыпты түрде ұстау қамтамасыз етілуі тиіс.
      95. Барлық материалдар мен топырақ тек қоршалған аумақ шеңберінде ғана орналастырылады, қазып алынған топырақ (аумақты көркейтуге қажетті құнарлы топырақты есептемегенде), қирандылар қалдығы, қоқыс қатты тұрмыстық қалдық полигонына және коммуналдық шаруашылықтың уәкілетті органының келісімімен басқа учаскелерге тез арада шығарылады.
      96. Тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын, қар мен мұзды уақытында шығаруды ұйымдастыру үшін құрылыс жүргізуші осы жұмыстар түріне лицензиясы бар мамандыныдырлыған кәсіпорындармен келісім шартқа отырады.
      97. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін құрылыс жүргізуші құрылыс алаңына іргелес жатқан аумақтың бұзылған бөліктерін, сондай-ақ жүруге, жүргіншілердің өтуіне пайдаланылған аумақты, құрылыс материалдарын уақытша сақтауға арналған ғимараттарды, инженерлік желілер жүргізілген учаскелерді қалпына келтіреді.
      98. Құрылыс жұмыстары кезінде жұлынған, кесілген жасыл желектер құрылыс жүргізушінің есебінен қалпына келтіріледі. Құрылыс жүргізу жөніндегі бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес жасыл желектер отырғызу келтірілген шығынды қалпына келтіру болып саналмайды.

8.Қала аумағындағы жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, гүлзарлардың және басқа да нысандардың, қалалық шаруашылық элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу, инженерлік желілерді, имараттарды және коммуникацияны күтіп ұстау тәртібі

      99. Жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, көгалдардың және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары мен басқа да жұмыстарды жүргізетін барлық заңды және жеке тұлғалар Хромтау қаласы әкімінің өкімімен анықталға тиісті қалалық қызметтен жұмыстарды жүргізуге рұқсат алады. Жұмыстар жол төсеніштерінің, жүргінші жолдарының, көгалдар және басқа қала аумақтарында шаруашылық жүргізу элементтерінің бұзылуына әкеліп соғатын жер жұмыстары және басқа да жұмыстар жүргізу тәртібі талаптарына сәйкес орындалады.
      Тоқтап тұрған құрылыс нысанын (ұзақ салынып жатқан) күтіп ұстау жауапкершілігі баланс ұстаушыға (тапсырыс берушіге - құрылыс жүргізушіге) жүктеледі.
      100. Жерді қазу жұмыстары басталғанға дейін келісілген сызбаға сәйкес жол белгілерін орнатылады, жұмыс жүргізілетін жер қоршалады, қоршауға жұмыс жүргізетін ұйымның атауы мен телефондары жазылған қалқан ілінеді. Қоршау жұмыс жүргізу кезінде жүргізушілерге және жаяу жүргіншілерге бөгет болмауы, түнгі уақытта қызыл белгі беру шамдарымен белгіленуі қажет. Қоршау үздіксіз болуы және бөгде адамдардың құрылыс алаңына кіруінен сақтауы тиіс. Қазылған жерлермен жаяу жүргіншілердің жаппай өтетін жерлерінде өткелдер салынуы тиіс.
      101. Қазу жұмыстарын жүргізетін ұйымдар жол бөлігінің барлық ені немесе жүргінші жолының қазылған жерлеріндегі бұзылған екпе шөптер, жасыл желектер, асфальт жамылғысын қалпына келтіруі қажет.
      102. Жұмыстар аяқталып, қазылған орлар толық көмілгенінен кейін асфальтты-бетонды жамылғы дереу қалпына келтіріледі.
      103. Құрылыс, жөндеу, коммуникацияны қайта қалпына келтіру кезінде мерзімі өтіп кеткен рұқсат қағазбен жұмыс істеу жер қазу жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу болып танылады.
      104. Көшенің жүру бөлігі мен жүргінші жолдарында орналасқан құдықтардың қақпақтары бүлінген немесе жойылған жағдайда бір күн ішінде дереу қоршалады және жерасты коммуникациялар желісіне жауапты кәсіпорын тарапынан қалпына келтіріледі.

9. Тұрғын жай орамдары мен мөлтек аудандарды, жеке үй құрылысы аудандарын көркейту

      105. Санитарлық және архитектуралық нормаларға сәйкес мөлтек аудандар мен орамдардың тұрғын жай аймақтары қоқыс жәшіктері алаңдарымен, кір жаятын, дем алатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын серуендететін, автотұрақ, көлік қою алаңдарымен, жасыл желек аймағымен жабдықталуы тиіс.
      106. Тұрғын жай орамдары, мөлтек аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіптер:
      1) көтермелердің, жүргіншілер жолдарының, орамішілік кіру-шығу жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстау;
      2) аулаларда өз бетінше шаруашылық немесе қосылқы құрылыстар (сарайлар, гараждар т.б.) салуды жүргізуді болдырмау;
      3) аулаішілік аумақты құрылыс материалдарымен жабуға жол бермеу;
      4) шағын сәулет нысандарын, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңдарының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстау, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығы сақталуға рұқсат етілмейді.
      107. Тұрғын үй, әкімшілік, өндірістік және қоғамдық ғимараттар түнгі уақытта жарықтандыратын үй белгілерімен, ал тұрғын үйлер подъездері мен пәтерлер номерлері көрсеткіштермен жабдықталуы тиіс. Үй белгілері таза және дұрыс күйде ұсталуы керек.
      108. Меншік иелері, жеке құрылыс учаске иелері аумақты көріктендіру жобасы мен бас жоспарға сәйкес көріктендіруді, қасбет (көше жағы) қоршауларын күтіп ұстауды, көгалдандыруды, оларда қоқыс жиналуына, құрылыс және басқа материалдардың ұзақ уақыт жиналып тұруына жол бермеуді, үй (учаске) номері көрсеткішін, сондай-ақ қалалық ақпарат (аншлаг) белгілерін таза ұстауды жүзеге асырады.
      109. Көгалдандару объектілерінде жасыл желектерді суару таңғы мезгілде сағат 8-9.00-ден кешіктірілмей және кешкі мезгілде 18-19.00-ден кейін жүргізіледі.
      110. Кәсіпорындардағы, мекемелердегі, ұйымдардағы, сондай-ақ оларға бекітілген учаскелердегі жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстауды сол кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың өздері жүргізеді.
      111. Орамішілік жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау жерді пайдалану аумағындағы тұрғын үй қорының иелеріне жүктеледі.
      112. Заңды және жеке тұлғалар агротехникалық шаралар кешенін жүргізу керек, оның ішінде бекітілген аумақтарда екпе шөптерді, ағаштарды, бұтақтарды суару жұмыстарын қамтитын жұсыстар жүргізу тиіс.
      113. Заңды және жеке тұлғалар жасыл желектер отырғызылған аумақтардың тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, ағынды сулармен ластануына, көгалдар мен жасыл желектер түптерінде балшықтың, қардың, мұздақтың жиналуына жол бермеуі, сынған ағаштар мен бұтақтарды алып тастаулары тиіс.
      114. Жасыл желектер алаңдарында:
      1) көгалдарда жүруге және жатуға,
      2) ағаштарды, бұтақтарды, сындыруға, жапырақтар мен гүлдерді жұлуға;
      3) шатырлар тігуге және от жағуға;
      4) көгалдарды, гүлзарларды, жолдар мен су тоғандарын ластауға;
      5) ескерткіштерді, орындықтарды, қоршауларды қиратуға;
      6) жазулар жазуға, ағаштарға хабарландырулар, номерлік белгілер, кез-келген көрсеткіштер, әткеншектер, жіптер ілуге, бұтақтарда жуылған киімдерді кептіруге;
      7) көгалдар мен басқа да жасыл желектер орналасқан учаскелерде велосипедпен, мотоциклмен және автомашинамен жүруге, көлік құралдарының аялдамасын жасауға;
      8) көлік құралдарын тазалауға, кір жууға, сонымен қатар жасыл желектер аумағындағы су тоғандарында малды шомылдыруға;
      9) көгалдарда көлік құралдарымен тұруға;
      10) мал бағуға;
      11) арнайы бөлінген жерлерден басқа жерлерде мұз айдындары мен қардан жасалған сырғанақтар жасауға;
      12) жасыл желектердің зақымдануын қамтамсыз ететін қоршаусыз құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
      13) жасыл желек аумағында құрылыс материалдарын жинап қоюға, сонымен қатар жасыл желектерге зиян келтіретін зиянкестердің тарауына жол беретін материалдар қоймасын орналастыруға;
      14) қоқыс, қар және мұз үйінділерін жасауға;
      15) ағаштар мен бұталардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпей ғимараттардың шатырынан қар лақтыруға;
      16) қаланың ортақ пайдалану аумағында жапырақтар мен қоқыс жағуға рұқсат етілмейді.
      115. Жеке үй құрылысы аймағында бағалы тұқымды ағаштар мен бұталардан өзге ағаштарды ығыстыру жер учаскелерінің иелері тарапынан өз есебінен жүргізіледі.

10.Апат жұмыстарын жүргізу

      116. Пайдалану кезінде немесе жерасты және жерүсті коммуникацияларында құрылыс жұмыстарын жүргізген кезде пайда болатын апаттар, олардың дұрыс жұмыс жасауына немесе азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп тудыруға әкеліп соғуы төтенше жағдай болып табылады және олардың қалыпты жұмысын қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін шұғыл шараларды қабылдауды талап етеді.
      117. Апат туындаған жағдайда инженерлік коммуникациялар мен құрылғылардың иесі, пайдаланушы ұйым апатты және оның салдарын жоюдың жедел шараларын жасауға рұқсат етілмейді. Бұл жағдайда мыналар: адамдар мен көлік қозғалысының қауіпсіздігі, сондай-ақ қатар орналасқан жерасты және жерүсті ғимараттардың, инфрақұрылым нысандарының, жасыл желектердің сақталуы қамтамасыз етілуі тиіс.
      118. Апаттық бригаданы апат орнына жіберумен қатар пайдаланушы ұйым апаттың сипаты мен орны жайында, осы апат ауданында жерасты және жерүсті құрылғылары бар ұйымдарға, Хромтау қаласы әкімінің аппаратына, қоғамдық жолаушылар көлігі қызметіне, Хромтау аудандық ішкі істер бөліміне, Хромтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне және басқа да мүдделі қызметтерге (келісім бойынша) хабарлайды.
      119. Апат аймағында жерасты немесе жерүсті коммуникациялары бар заңды немесе жеке тұлғалар апат болғандығы туралы ақпаратты алғаннан кейін апат орнына осы жерде орналасқан мекемеге қарасты құрылғылар мен коммуникацияларды көрсетуі үшін өздерінің сызбаларымен бірге өкілдерін жіберулері қажет.
      120. Апат маңайында материалдарын немесе басқа бағалы заттарын сақтаушылар, апат жұмыстары басшысының бірінші талабы бойынша учаскені босатуға рұқсат етілмейді.
      121. Егер де апатты жою жұмыстары жолдың толық және жартылай жабылуын қажет еткен жағдайда, хромтау аудандық ішкі істер бөлімі жолдың уақытша жабылуы туралы, көліктің айналып жүру бағыты және зақымдалған желілердің иелерімен бірге апатты жою мерзімін бекіту жөнінде жедел шешім қабылдайды.
      122. Апат жұмыстары жүргізілетін орын қалқандармен немесе белгіленген үлгідегі апаттық жарық құрылғысы және үлкен қызыл түсті шамдары бар қорғандармен қоршалады.
      123. Инженерлік желілер иесі болып табылатын кәсіпорындар бұзылған жол төсеніштері мен басқа да көріктендіру элементтерін қалпына келтіру жұмыстарын апатты жұмыстар аяқталғаннан кейін тез арада жасайды.

11. Ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін күтіп ұстау

      124. Балансында ғимараттары мен имараттар бар кәсіпорындар мен ұйымдардың басшылары, ғимараттар мен имараттардың иелері аталған нысандардың және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, сарқынды су құбырлары және басқалары) жаңғырту, жөндеу және қасбеттерін сырлау жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қасбеттерінде орнатылған ақпаратты тақтайшалардың, ескерткіш тақталарын және тағы басқаларын таза және қалыпты жағдайда ұстауға рұқсат етілмейді.
      125. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және имараттары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуге, соның ішінде оларға жататын ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын өз есебінен немесе тартылған қаражат есебінен жүргізуі керек.
      126. Егер заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында кейбір тұрғылықсыз жайлар немесе тұрғылықты ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың алып тұрған ауданына қарай қасбетінің жөндеу, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттардың қасбетіне немесе құрылғылардың бетіне жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттарды біріктірулеріне болады.
      127. Ғимараттарды, имараттарды және құрылғыларды жалға алушылар, жалға алу шартына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге міндеттеме алады.
      128. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын, ғимараттар мен имараттардың қасбеттерін жөндеу, жаңғырту және жаңарту жұмыстары қорғау міндеттемелеріне сәйкес Хромтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен орындалады.

12. Сыртқы жарық пен бұрқақтарды күтіп ұстау

      129. Қала аумағын жарықтандыруды аумақ меншік иелерімен (иелерімен) шарт бойынша электрмен жабдықтаушы ұйымдар және кәсіпорындар жүргізеді. Сыртқы жарықтандыру элементтерін пайдалану мен күтіп ұстау меншік иелерінің (иелерінің) өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
      130. Көше шамдарын, басқа да сыртқы жарықтандыру көздерін орналастыру құрылыс салу мен көгалдандырумен үйлесумен қатар жол қозғалысы қатысушыларына кедергі келтірмей, қауіпсіз орта құруға ықпал етуі тиіс. Саябақ аумағымен және тұрғын орамдармен өтетін жаяу жүргіншілер бағыттарын, оқушылар, мүгедектер және қарт адамдар жүретін жолдарды жарықтандыруға ерекше көңіл аудару қажет.
      131. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде техникалық нормаларға сәйкес жүргізіледі.
      132. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбау пайызы олардың белгілі бір аумақтағы барлық санының 5 пайызынан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері және байланыс жүйесі тазалықта ұсталуы қажет.
      133. Жарық пен электрлі көліктердің байланыс желісінің құлап қалған бағаналарын шығаруды жұмысы бағана иесі жүргізеді, олар негізгі магистральдарда кешіктірілмей, сондай-ақ басқа аумақтардағы бұзылған бағаналар табылғаннан кейін тәулік ішінде жүргізіледі.
      134. Басты көшелер мен алаңдарды мерекелік безендіруді Хромтау қаласы әкімінің бекіткен мерекелік безендіру жоспарына сәйкес меншік иесі (иесі) орындайды.
      135. Су бұрқақтарын қосу мерзімі, олардың жұмыс тәртібі, астауларын жуу мен тазарту кестесі, техникалық үзілістері мен жұмысының тоқтатылу кестесін Хромтау қаласының әкімі бекітеді.
      136. Су бұрқақтарының жағдайы мен пайдаланылуына жауапкершілік пайдаланушы ұйымға жүктеледі.
      137. Су бұрқақтардың жұмыс істеуі кезінде су бетін қоқыстардан тазарту жұмыстары күнделікті орындалады. Пайдаланушы ұйымдар бұрқақтарды сөндірген кезде де олардың тазалығын сақтауға рұқсат етілмейді.

13. Хромтау қаласының аумағын тазарту жұмыстарын ұйымдастыру мен тазалықты қамтамасыз ету, санитарлық тазалық жұмыстары бойынша уәкілетті органдар

      138. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес осы Ереже талаптырының сақталуына бақылауды және қала аумағын көркейту Ережелерін, сондай-ақ қала инфрақұрылымының нысандарын бұзғаны үшін шаралар алуды өз құзыреттері шегінде:
      1) ішкі істер органдары;
      2) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары жүргізеді.
      14. Ережені бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігі
      139. Осы Ереженің бұзылуына кінәлі заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жауапты.
      Әкімшілік жауапкершіліктің қолданылуы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, тәртіп бұзушыны онымен келтірілген материалдық зиянды төлеу және жіберілген кемшілікті жою міндетінен босатпайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады