Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2011.12.22 № 283 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылдың 24 наурызындағы Заңының 3-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «Хромтау қаласының аумағын көркейту Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-98 санымен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 39 санында жарияланған) Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылдың 21 шілдесіндегі № 138 шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін:
1) Шешімдегі «.... тиым салынады», «міндетті» деген сөздер «...рұқсат етілмейді.» сөздерімен, «жауапкершілікке тартылады.» деген сөздер «жауапты» сөздерімен бүкіл мәтін бойынша алмастырылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнпарақтық күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық
сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
О.Самұратов Д.Молдашев