Хромтау қаласының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Бірлескен Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 қазандағы N 368 қаулысы және Хромтау ауданы мәслихатының 2009 жылғы 26 қазандағы N 149 шешімі. Ақтобе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 23 қарашада N 3-12-102 тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, 31 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1 тармағына және 2009 жылғы 13 тамыздағы Хромтау аудандық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес Хромтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ және Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау қаласындағы мына көшелер:
      1) Карьерная көшесі Бұжыр Иманғазин атындағы;
      2) Первомайская көшесі Дербісалы Беркімбаев атындағы;
      3) Тахауи Ахтанов атындағы көшенің Дінмұхамбет Қонаев атындағы көшесімен қиылысатын бір бөлігі Тельман Дәулеталин атындағы көше болып қайта аталсын.
      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау ауданының әкімі       Аудандық мәслихаттың
                                      сессия төрағасы
          Ж.Оралмағамбетов              О.Самұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады