"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 4200 Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, сондай-ақ, Көктау ауылдық округіне қарайтын елді-мекен тұрғындарының 2009 жылғы 24 шілдедегі конференциясының хаттамасына сәйкес, Көктау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылдық округі әкімінің 28.07.2015 № 18 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Көктау ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге атаулары берілсін:
1) Қарабаз ауылында: Қарабаз көшесі.
2) Көктау ауылында: 1-мөлтек ауданы.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көктау ауылдық округінің әкімі | Б. Жұмағалеев |