Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімиятының 2009 жылғы 7 мамырындағы N 176 қаулысы. Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 27 мамырда N 3-13-109 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы N 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010.01.06 N 2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы N 543 қаулысына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 " Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18, 19, 23, 44-баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі шақыру кезеңінде 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.
      2. Шалқар аудандық орталық емханасының бас дәрігері (Ж.Көптілеуов келісім бойынша) Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің қарамағына:
      1) шақырылушыларды медициналық куәландыру жүргізу үшін маман дәрігерлерді, медбикелерді және маман дәрігерлердің резервтік құрамын бөлсін;
      2) 2009 жылдың мамыр және қазан айларында Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне диспансерлік есепте тұрған адамдардың тізімін, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.О25 у) жеткізсін;
      3) қажет болса Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарда төсек – орынның қажетті санын бөлсін;
      4)шақыру кезінде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы мәліметті үш күннің ішінде Шалқар аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлансын.
      3. Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі бастығы (Қ. Ақшолақ келісім бойынша)
      1) шақыру кезінде шақыру қосында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция нарядын бөлсін;
      2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізілсін;
      3) жеті күндік мерзім ішінде Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне анықтама немесе алдын-ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарлансын.
      4. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан мекеме басшыларына әскерге шақырылушыларды іссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосына дер кезінде келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      5. Селолық округтер әкімдері,аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскерге шакырушыларға шақырылу туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      6. Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (И.Ерішов) аудандық шақыру учаскесіне азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде, ақылы қоғамдық жұмысқа қосымша адамдар жіберуді жүзеге асырсын.
      7. Азаматтарды әскери шақыруға дайындау және тіркеу пункті ретінде "Шалқар қаласындағы N 1 аула клубы" ММ-і болып белгіленсін.
      8. Шақыру комиссиясы мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлердің атқарған кездерінде жұмыс орны, лауазымы және орташа айлық жалақысы сақталсын.
      9. Желілік ішкі істер бөлімшесінің бастығынан (С.Ажигулов) шақырылушыларды темір жол көлігімен жөнелту кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету сұралсын.
      10. "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабына сәйкес аталған шараларды жүзеге асыруға байланысты шығындар жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылсын.
      11. Аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Қоңыратбаев, аудан әкіміне 2009 жылдың 10-ші шілдесіне және 2010 жылдың 6 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсін.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының жетекшісі Ж.Жанұзақовқа және Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы А.Қоңыратбаевқа жүктелсін.
      13. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелуге тиісті, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі:                              Р. Сыдықов.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады