Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 18.11.2014 № 8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Шешімнің деректемесінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 06.03.2017 № 3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына және 16 бап, сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 18.11.2014 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.01.2021 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.1. Тоғыз ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1) Төсбұлақ елді мекені бойынша:
"Теміржолшылар" көшесі;
2) Жылан стансасы бойынша:
"Жылан", "Көктымақты" көшелері;
3) Кеңдала елді мекені бойынша:
"Хан жалы", "Кеңдала" көшелері;
4) Көпмола стансасы бойынша:
"Теміржолшылар", "Көпмола", "Қопатай", "Қаратал", "Үшқурай" көшелері.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 20.01.2021 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округі әкімі: | А. Жақанов |