Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 және Ақтөбе облыстық мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 479 "Ақтөбе облысының Алға, Ырғыз, Мәртөк, Мұғалжар және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6570 болып тіркелген бірлескен қаулысы және шешімі негізінде, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 "Тоғыз ауылдық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-13-115 болып тіркелген, 2009 жылғы 9 қыркүйекте "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
кіріспесіндегі "№ 148" және "№ 4200" сандары алынып тасталынсын;
1 тармақ келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Тоғыз ауылдық округіне қарасты елді мекендердегі көшелерге төмендегідей атаулар берілсін:
1) Төсбұлақ елді мекені бойынша:
"Теміржолшылар" көшесі;
2) Жылан стансасы бойынша:
"Жылан", "Көктымақты" көшелері;
3) Кеңдала елді мекені бойынша:
"Хан жалы", "Кеңдала" көшелері;
4) Көпмола стансасы бойынша:
"Теміржолшылар", "Көпмола", "Қопатай", "Қаратал", "Үшқурай" көшелері.".
2. "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тоғыз ауылдық округінің әкімі | Б. Ідірісов |