Көшелерге атау беру туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Шалқар ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 5 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 30 наурызында N 3-13-103 тіркелді

      Ескерту. Шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 21.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің деректемелерінде "селолық" сөзі тиісінше "ауылдық" сөзімен ауыстырылды – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 07.03.2017 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Шалқар ауылдық округі Шалқар ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 21.01.2015 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Шалқар ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Жылтыр ауылының көшелеріне атау берілсін:
      1) Ардагер көшесі
      2) Жастар көшесі
      3) Самал көшесі
      4) Қайнар көшесі
      5) Бұлақ көшесі
      6) Бірлік көшесі
      7) Балғасын көшесі
      8) Дамбар көшесі
      9) Бадырақ көшесі
      2. Шалқар ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып, Талдықұм ауылының көшелеріне атау берілсін:
      1) Теректі көшесі
      2) Мектеп көшесі
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Шалқар ауылдық округі әкімі: Қ.С. АМИНОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады