1. Шалқар ауданы Шалқар селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-103 санымен тіркелген, 2009 жылдың 15 сәуірінде аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Шалқар ауылдық округі Шалқар ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шалқар ауылдық округінің әкімінің 19.04.2015 № 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар ауылдық округі әкімі | Н. Бисеков |