2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласының 2009 жылғы 6 сәуірде N 8-190 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаменті Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2009 жылы 23 сәуірде N 2-1-96 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласының 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 9-307 қаулысымен

      Ескрту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласының 2010.04.26 N 9-307 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығының, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабы 3-тармағының, 20-бабының 1, 3-тармақтарының, 18-бабының 3-тармағының, 23, 44-баптарының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1–тармағы 8)-тармақшасының, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысының негізінде шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шығарып салуды ұйымдасқан түрде өткізу үшін,қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2009 жылы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізу ұйымдастырылсын.
      Шақыру пункті: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы.
       2. Шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:
      Жанат Қайықұлы Летов комиссия төрағасы – Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы;
      Нурлан Ертайұлы Ертаев комиссия төрағасының орынбасары – қала әкімі аппаратының әскери жұмылдыру және бастауыш дайындық жөніндегі бас маманы;
      Комиссия мүшелері: Айнаш Келденқызы Қилыбаева - қалалық ішкі істер басқармасының кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары;
      Мінуәр Шабденова - дәрігер-терапевт, жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрағасы;
      Рысалды Мадыханова хатшысы, "Талдықорған қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі;
       3. Қалалық шақыру комиссиясы мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды 2009 жылы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өткізсін. Комиссияның мүшелері комиссияның жұмыс кезеңінде қызмет және жұмыс бойынша өз міндеттерін атқарудан босатылсын.
       4. "Талдықорған қаласы қалалық емханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.М.Жансеңгіров) (келісім бойынша), "Талдықорған қаласы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері" мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі (С.С.Сәрсембаев) (келісім бойынша), "Талдықорған тері венерологиялық диспансері" мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі (О.Б.Ниетбаев) (келісім бойынша), "Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі (Б.Х.Құрмашев) (келісім бойынша), "Облыстық стоматологиялық емханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.Б.Сырғабаев) (келісім бойынша), "Талдықорған қаласы облыстық кардиологиялық орталығы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Р.Т.Сұлтанбеков) (келісім бойынша), шақыру комиссиясының жұмысына әскерге шақырушыларды медициналық куәландыру үшін маман-дәрігерлер және орта медициналық персонал бөлінсін (1-қосымшағасәйкес).
      Қалалық стационарлы емдеу мекемелерінде шақыру комиссиясының жолдамасымен жіберілген шақырушылардың денсаулығын қосымша тексеру үшін резервтік орындар әзірленсін. Қосымша тексеру шақыру комиссиясы белгілеген уақытта өткізілсін.
       5. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін (2-қосымшаға сәйкес).
       6. "Талдықорған қаласы қалалық емханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Т.М.Жансеңгіров) (келісім бойынша):
      әскерге шақырылушыларды тексеріп және олардың әскерге жарамдылығын анықтау үшін кеуделеріне флюрография, электрокардиограмма, анализдерді тексеру жүргізілсін. Әскергешақырушыларды тексеру және олардың әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін рентген-пленкаларының резерві әзірленсін;
      азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізіп және емдеуге жіберілгендердің тізімдерін Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына бергеннен кейін оларды келесі шақыруға дейін емдеу дәрігерлерге бекітіп берілсін;
      2005 жылдың 14-сәуірінде 3560 нөмірімен әділет органында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 100 "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құрылымындағы әскери-дәрігерлік сараптама ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша шақыру комиссиясы қажетті жабдықтармен, медициналық және шаруашылық мүліктерімен қамтамасыз етілсін.
       7. Ұйымдардың басшылары шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алуға, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесіне уақытылы келіп жетуін ұйымдастыруға міндетті, әскерге шақырылушылар шақыру, стационарлық тексеру, амбулаториялық, анализден өту уақытында жұмыстан босатылсын;
      мерзімді әскери қызметке шақырылғандарға қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың шақыру қағазы бойынша шақыруға 7 (жеті) күн қалғанға дейін толық есеп айырысу жүргізсін.
       8. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхамеджан):
      сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру комиссиясының жұмысын өткізу үшін 14 (он төрт) техникалық қызметкер бөлуді қамтамасыз етсін.
       9. Қалалық ішкі істер басқармасы (Б.Н.Бейсебаев) (келісім бойынша): әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыруға міндетті, әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырылушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
       10. "Талдықорған қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме (Қ.Р.Мәженов): әскерге шақырылғандарды Үштөбе қаласының облыстық медициналық комиссиясына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерді толықтыруға жіберілетін азаматтарды Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру пунктінен жинау пунктіне дейін тасымалдау үшін қаржы бөлуді қамтамасыз етсін.
       11. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 сәуірдегі "2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 9-364, Талдықорған қаласы әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 29 сәуірдегі N 2-1-78 тіркелген, 2008 жылғы 01 мамырдағы "Талдықорған" газетінің N 18-нөмірінде жарияланған.
       12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.К.Қайнарбековке жүктелсін.
       13. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С.Жылқайдаров

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі N 8-190
"2009 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында азаматтарды
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
1 қосымша

2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға медициналық куәландыру комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      1. Мінуәр Шабденова дәрігер-терапевт, жасөспірімдер бөлімінің меңгерушісі, медициналық төрағасы;
      2. Гүлнәр Ғалымжанқызы Тиесова дәрігер-отоларинголог;
      3. Ғалия Тұрсынханқызы Дюсебекова дәрігер-невропатолог;
      4. Эльвира Токсанқызы Жимбаева дәрігер-психиатр;
      5. Багдагуль Бисерикқызы Танабаева дәрігер-офтальмолог;
      6. Серик Абдыханұлы Жантасов дәрігер-хирург;
      7 Баян НураханқызыКеримбаева дәрігер-дерматолог;
      8. Секерали Садыков дәрігер-фтизиатр;
      9. Рафаэль Курмангалиұлы Хисматуллин дәрігер-стоматолог;

Медбикелер:

      1. Рысалды Мадыханова;
      2. Ания Ертайқызы Темировна;
      3. Наталья Григорьева Ярополова;
      4. Роза Кәрімқызы Жұматаева

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі N 8-190
"2009 жылдың сәуір-маусымында және
қазан-желтоқсанында азаматтарды
кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыру туралы" қаулысына
2 қосымша

2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ

N

Әскерге шақыруды өткізу айлары

Күні, айы

Шақырылушылардың
жалпы саны

1

сәуір

1-сәуірмен 25 сәуір
аралығында

50 адам

2

мамыр

2-мамырмен 26 мамыр
аралығында

50 адам

3

маусым

2-маусыммен 27 маусым
аралығында

50 адам

4

қазан

1-қазанмен 27 қазан
аралығында

50 адам

5

қараша

3 қарашамен 28 қараша
аралығында

50 адам

6

желтоқсан

1 желтоқсанмен 30
желтоқсан аралығында

50 адам

      Талдықорған қаласы
      қорғаныс істері жөніндегі
      басқарма бастығы
      подполковник                               Ж. Летов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады