2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 9-307 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 мамырда N 2-1-121 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 06 қаңтардағы N 1-14 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2011.01.06 N 1-14 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығының, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19-бабы 3-тармағының, 20-бабының 1, 3-тармақтарының, 18-бабының 3-тармағының, 23, 44-баптарының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 8)-тармақшасының, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысының негізінде, 2010 жылғы 30 наурыздағы Алматы облысы әкімдігінің "Қазақстан Республикасының 1983-1992 жылдары туылған азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында әскери қызметке кезекті шақыру туралы" N 36 қаулысын орындау мақсатында, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шығарып салуды ұйымдасқан түрде өткізу үшін, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. 2010 жылы сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізу ұйымдастырылсын. Шақыру пункті: Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 31/33 Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы.
       2. Шақыру комиссиясы мына құрамда құрылсын:

Ғалымжан Қуанышбайұлы Жантурин

- комиссия төрағасы, Талдықорған
қаласының қорғаныс істері
жөніндегі басқарманың бастығы;

Нұрлан Ертайұлы Ертаев

- комиссия төрағасының
орынбасары, қала әкімі
аппаратының әскери жұмылдыру
жұмысы жөніндегі бас маманы;

Асқар Шахатұлы Шайхин

- "Талдықорған қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары;

Сымбат Кабкешқызы Сванколова

- "Талдықорған қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік денсаулық мекемесінің медбикесі, хатшысы;

Комиссия мүшелері:
Мінуәр Шәрімбайқызы Шабденова

- дәрігер - терапевт,
жасөспірімдер бөлімінің
меңгерушісі, медициналық
комиссиясының төрағасы;

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қалалық әкімдігінің 2010.05.17 N 11-374 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз); 2010.08.02 N 20-692 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) Қаулыларымен.
       3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Шақыру учаскелері жұмыс істеу үшін іссапарларға жіберілген шақыру комиссиясы мүшелеріне, медициналық, техникалық қызметкерлерге, сондай-ақ қызмет көрсету персоналы адамдарына осы міндеттерді атқару уақытына жұмыс орны, атқаратын қызметі және жалақысы сақталады.
      5. "Талдықорған қаласының қалалық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны (Т.М.Жансеңгіров) (келісім бойынша), "Облыстық туберкулез диспансері" мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі (С.С.Сәрсембаев) (келісім бойынша), "Талдықорған тері венерологиялық диспансері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (О.Б.Ниетбаев) (келісім бойынша), "Талдықорған аймақтық психоневрологиялық диспансері" мемлекеттік мекемесі (Құрмашев Б.Х.) (келісім бойынша), "Облыстық стоматологиялық емханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Сырғабаев Т.Б.) (келісім бойынша), "Талдықорған қалалық облыстық кардиологиялық орталығы" мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (Р.Т.Сұлтанбеков) (келісім бойынша):
      әскерге шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін медициналық қызметкерлердің қажетті санын, дәрі-дәрмекпен, құрал сайманмен, медицина мүлкімен жабдықталуын;
      денсаулық сақтау ұйымдарында орындармен қамтамасыз етсін.
      6. "Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Б.Мұхамеджан): 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда шақыру комиссиясының жұмысын өткізу үшін техникалық қызметкерлердің қажетті санын бөлуді қамтамасыз етсін.
      7. "Талдықорған қаласы ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Н.Бейсебаев) (келісім бойынша):
      әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзіреті шегінде жүзеге асыруға міндетті, әскери қызметке шақырудан жалтарған адамдарды жеткізуді, сондай-ақ әскерге шақырушылардың әскери бөлімдерге жөнелтілуі және кетуі кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. "Талдықорған қалалық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекеме (Қ.Р.Мәженов) шалғай жерлерде тұратын азаматтарды медициналық және шақыру комиссиясынан өту үшін жеткізуді және оларды әскери қызмет өткеру үшін жөнелтуді, шақыру пунктін жабдықтауды, шаруашылық мүлкімен, автомобиль көлігімен, сондай-ақ байланыс құралдарымен жабдықтауды Талдықорған қаласы мәслихатының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы "Талдықорған қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" N 158 (Талдықорған қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2-1-110 нөмірімен тіркелген және "Талдықорған" газетінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы 3-нөмірінде жарияланған) шешіміне сәйкес қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      9. Ұйымдардың басшылары шақырылуға жататын азаматтарды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алуды, олардың хабардар етілуін және шақыру учаскесіне уақтылы келіп жетуін ұйымдастыруға міндетті.
      10. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 8-190, (Талдықорған қаласы Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 23 сәуірдегі 2-1-96 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 01 мамырдағы "Талдықорған" газетінің 18 нөмірінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.К.Қайнарбековке жүктелсін.
      12. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 сәуірдегі N9-307
"2010 жылдың сәуір-маусымында
және қазан-желтоқсанында
азаматтарды кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" қаулысына
қосымша

2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу
КЕСТЕСІ

р/с

N

Әскерге
шақыруды
өткізу айлары

Күні, айы

Шақырылушылардың
жалпы саны

1.

сәуір

1-сәуір мен 30 сәуір
аралығында

50 адам

2.

мамыр

3-мамыр мен 31 мамыр
аралығында

50 адам

3.

маусым

1-маусым мен 30 маусым
аралығында

50 адам

4.

қазан

1-қазан мен 29 қазан
аралығында

50 адам

5.

қараша

1 қараша мен 30 қараша
аралығында

50 адам

6.

желтоқсан

1 желтоқсан мен 30
желтоқсан аралығында

50 адам

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады