Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірде N 9-248 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2009 жылы 5 мамырда N 2-1-98 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-640 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағының, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 42-бабының 1-тармағының және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2)-тармақшасы негізінде, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.03.28 N 8-273 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
       3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 С. Жылқайдаров

Талдықорған қаласы әкімдігінің
2009 жылғы 22 сәуірдегі
"Қоғамдық жұмыстарға тартылған
сотталғандар еңбегін қолдану
үшін объектілер және
қоғамдық жұмыс түрлері
туралы" N 9-248 қаулысына
қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін
объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда -Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012.03.28 N 8-273 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Қоғамдық жұмыстар
объектілер

Қоғамдық жұмыс түрлері

"Көркем-Талдықорған" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Аумағын жинау

"Талдықорған қаласының
әкімінің аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
"Талдықорғанжылусервис"
шаруашылық жүргізу
құқығындағы қалалық
мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны

Аумағын жинау

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады