Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері туралы" N 9-248 қаулысына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 наурыздағы N 8-273 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 25 сәуірде N 2-1-162 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 26 маусымдағы N 12-640 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 26.06.2013 N 12-640 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі "Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегін қолдану үшін объектілер және қоғамдық жұмыс түрлері туралы" (Талдықорған қаласының Әділет басқармасында Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 5 мамырдағы тіркелген нөмірі 2-1-98, "Талдықорған" газетінің 2009 жылғы 8 мамырдағы 19-нөмірінде жарияланған) N 9-248 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулының қосымшасында:
      ""Көркейту" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" сөздері ""Көркем-Талдықорған" қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны" сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған қаулының 2-тармағында:
      "қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ. Қайнарбековке" сөздері "қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа" сөздеріне ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қайрат Найманбайұлы Бұлдыбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Е. Алпысов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Көркем-Талдықорған"
      қалалық мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бастығы                       Темірхан Рысмұхамбетұлы Келгенбаев
      28 наурыз 2012 жыл

      Талдықорған қаласы бойынша
      қылмыстық-атқару инспекциясы
      бөлімінің бастығы
      әділет капитаны                            Ләйлә Бекежанқызы Сағымбаева
      28 наурыз 2012 жыл

      "Талдықорған қаласының
      әкімінің аппараты"
      мемлекеттік мекемесінің
      "Талдықорғанжылусервис"
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      қалалық мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорнының бастығы                       Манархан Әлкенұлы Ақымбеков
      28 наурыз 2012 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады