Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімінің 2010 жылғы 09 шілдедегі N 8 Шешімімен
Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 17-бабы 3-тармағының, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шакырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысының негізінде қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2010 жылдың қаңтар - наурыз айларында 1993 жылы туылған азаматтарды Талдықорған қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасының шақыру учаскесіне тіркеп жазу жұмысы қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында жүргізілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Т.Қ. Қайнарбековке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі С. Жылқайдаров