«1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдын қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы»

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі N 957 қаулысы. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2009 жылдың 7 қазанында N 2-2-90 тіркелді. Күші жойылды - Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 373 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010.04.16. N 373 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын және «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Шеңгелді (Е.А.Қойлыбаев) және Заречный (С.Ш. Даданбеков) ауылдық округтерінің әкімдері:
      1) 2009 жылғы қазан-желтоқсан айларында 1982 – 1991 жылдары туылған азаматтардың әскери қызметке шақырылуын Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы қамтамасыз етсін;
      2) шақырылушыларды әскери бөлімшеге жеткізу үшін автокөлік бөлінуін қамтамасыз етсін.
      3. «Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Ә.С. Үәліханов, келісім бойынша):
      1) қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;
      2) әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;
      3) шақырылушылардың жұқтырылған қорғаныш тапшылықтары белгісінің инфекцияларын және адамның қорғаныш тапшылығы қарсы тегінің тексерілуін қамтамасыз етсін;
      4) әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;
      5) әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
      4. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі (М.Б.Құсаинов, келісім бойынша):
      1) қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгіленген мерзімде тапсырсын;
      2) қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;
      3) мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.
      5.«Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (М.Қ.Айттегі) және «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.С. Ешімова) жастарды Қазақстандық патриотизмге, Отан қорғау конституциялық міндетін мүліксіз орындауға баулу жөніндегі тәрбие жұмысын жандандырсын.
      6. «Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Р.С.Ешімова):
      1) кәсіпорындар мен оқу мекемелерінде бозбалалардың дене бітімі жағдайын бақылауды ұйымдастырып, әскер жасындағы жастар арасында бұқаралық-спорт және әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жандандырсын;
      2) әскерге шақырылғандарды салтанатты түрде шығарып салу дәстүрін ұйымдастырсын.
      7.Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Қ.Қ.Орынбаев, келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2009 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.
      8. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Б. Соппекова) әскерге шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қосымша 15 қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз етсін.
      9. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Қожахметов) шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қаржы бөлуін қамтамасыз етсін.
      10. Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 2-2-80 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 06 сәуірдегі «1982-1991» жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатардағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 229 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2009 жылдың 09 мамырында «Нұрлы өлке» газетінің 18 санында жарияланған).
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                       Н. Таубаев

«1982-1991 жылдары туылған
      азаматтарды 2009 жылдың  
      қазан-желтоқсан айларында
      Қазақстан Республикасының
      Қарулы Күштері қатарындағы
      кезекті мерзімді әскери 
      қызметке шақыруды өткізуін
      ұйымдастыру туралы» Қапшағай
      қала әкімдігінің 2009 жылғы
      «15» қыркүйек № 957 қаулысына
қосымша          

Қалалық шақыру комиссиясының құрамы

Орынбаев Құрмет Қабдашұлы

Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы

Орманов Мақсат Әлибекұлы

Қала әкімі аппаратының әскери - жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бейсеитова Гүлғасыл Айтмұхамбетқызы

«Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының емхана меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрайымы

Жанзақова Базаркүл Махметқызы

«Қапшағай қалалық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны емханасының медбикесі, комиссия хатшысы

Қалдыбаев Мансұр Мұқатайұлы

Қапшағай қалалық ішкі істер бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады