1983-1992 жылдары туылған азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі N 373 қаулысы. Алматы облысы Қапшағай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда N 2-2-105 тіркелді. Күші жойылды - Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 04 сәуірдегі N 151 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011.04.04. N 373 қаулысымен.

      “Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармағына, 20 бабының 1 тармағына,  23 бабына және 44 бабына сәйкес, сондай-ақ “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын және “Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 қаулысын орындау мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қапшағай қаласы, Гоголя көшесі, № 6 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Қапшағай қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы он сегізден жиырма жеті жасқа дейіңгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Қалалық шақыру комиссиясы қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Шеңгелді (Е.А. Қойлыбаев) және Заречный (С.Ш. Даданбеков) ауылдық округтерінің әкімдері:
      1) 2010 жылғы сәуір-маусымында және қазан-желтоқсан айларында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
      шақырылушыларды әскери бөлімшеге жеткізу үшін автокөлік бөлінуін қамтамасыз етсін.
      4. “Қапшағай қалалық емханасы” мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны (Ә.Ж. Ербосынова, келісім бойынша):
      1)қалалық шақыру комиссиясын білікті дәрігер мамандарымен және орта буын медициналық қызметшілерімен жасақтасын;
      2)әдістемелік-нұсқау талаптарына сәйкес шақырылушылардың дер кезінде дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін;
      3)шақырылушылардың жұқтырылған қорғаныш тапшылықтары белгісінің инфекцияларын және адамның қорғаныш тапшылығы қарсы тегінің тексерілуін қамтамасыз етсін;
      4)әскерге шақырылушылардың амбулаториялық, стационарлық тексерілуін және емделуін қамтамасыз етіп, ауруханада кем дегенде 5 төсектің бөлінуін ескерсін;
      5)әскери-дәрігерлік комиссиясын керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.
      5. Қапшағай қалалық ішкі істер бөлімі (М.Б. Құсаинов, келісім бойынша):
      1)қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылған шақырылушылардың тізімін Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне белгілінген мерзімде тапсырсын;
      2)қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жиын орыны мен шақырылушыларды жіберу пунктерін күшейтілген кезекшілермен қамтамасыз етсін;
      3)мерзімді әскери қызметке шақырылудан жалтарып жүргендерді оперативті түрде іздестіруді және ұстауды ұйымдастырсын.
      6. “Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Ә.С. Іңкәрбекова) әскерге шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қосымша 10 қызметкерлер бөлінуін қамтамасыз етсін.
      7. “Қапшағай қаласының қаржы бөлімі” мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Қожахметов) шақыру жұмысының жүргізілуіне байланысты қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қаржы бөлуін қамтамасыз етсін.
      8. Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н.А. Түсіпбеков, келісім бойынша) осы қаулының орындалуы туралы ақпаратты қала әкімдігіне 2010 жылғы 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде тапсырсын.
      9. Қапшағай қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тізілімінде 2009 жылғы 7 қазандағы № 2-2-90 тіркелген Қапшағай қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 15 қыркүйектегі “1982-1991 жылдары туылған азаматтарды 2009 жылдың қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуін ұйымдастыру туралы” № 957 қаулысының күші жойылған деп танылсын (2009 жылдың 09 қазанда «Нұрлы өлке» газетінің 40 санында жарияланған).
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары І.С. Сүгіровке жүктелсін.
      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Қала әкімі                       Н.Таубаев

“1983-1992 жылдары туылған азаматтарды
2010 жылдың сәуір-шілде және қазан-желтоқсан
айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері
қатарындағы кезекті мерзімді әскери қызметке
шақыруды өткізуін ұйымдастыру және
қамтамасыз ету туралы” Қапшағай қала әкімдігінің
2010 жылғы 16 сәуірдегі № 373 қаулысына қосымша

Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы

Түсіпбеков Нұрғазы Аманұлы

Қапшағай қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы

Орманов Мақсат Әлибекұлы

Қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Комиссия мүшелері:

Бейсеитова Гүлғасыл Айтмұхамбетқызы

“Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының      емхана меңгерушісі, медициналық комиссиясының төрайымы

Жазиев Мұрат Өмірғалиұлы

Қапшағай қалалық ішкі істер бөлім бастығының қызмет жөніндегі орынбасары

Жанзақова Базаркүл Махметқызы

“Қапшағай қалалық ауруханасы” мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны емханасының медбикесі, комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады