Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 15.05.2013 N 16-83 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының мамандарына бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленсін.
2. «Қапшағай қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмектің қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі әлеуметтік көмекті есептеу және төлеу жұмыстарын жүзеге асырсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың азаматтардың құқығын қорғау, құқықтық тәртіпті және заңдылықты сақтау, мәдениет, білім, денсаулық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Андаржанова М.
Қалалық мәслихаттың
хатшысы Ахметтаев Қ.