Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2013 жылғы 15 мамырдағы N 16-83 шешімі. Алматы облысының әділет департаментімен 2013 жылы 12 маусымда N 2375 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 42-179 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 19.12.2014 № 42-179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 5-тармағына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін бюджет қаражаты есебінен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек берілсін.
      2. Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 165-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік білім беру ұйымының педагогикалық мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-92 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 166-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-93 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған), Қапшағай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 05 қазандағы N 167-30 "Қапшағай өңірінің ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік мәдениет ұйымының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілер тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 28 қазандағы 2-2-94 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 2 қарашадағы "Нұрлы Өлке" газетінің 43(55) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, еңбек, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, тіл, спорт және ұлтаралық қатынастар жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       М. Тәңірбергенов

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Ахметтаев

      КЕЛІСІЛГЕН:

      "Қапшағай қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы                                    Айгүл Серғазықызы Іңкәрбекова
      15 мамыр 2013 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады