Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2010.04.01 N 79 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 23 баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығын 17.04.2009 ж. Үкіметтің N 543 Қаулысын жүзеге асыру мақсатында, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті Строителей көшесі N 13 үй мекен - жайындағы шақыру учаскесінде Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2 және 3 қосымшаларға сай бекітілсін.
4. Рудник кентінің әкімі (С.Д. Вишняков) 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру кезеңінде әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
5. "Текелі қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (Е.Шатенов, келісім бойынша), әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын.
6. Текелі қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 118 "Қазақстан Республикасының 1981-1990 жылдары туған азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" қаулысының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 27 мамырдағы N 2-3-47 нөмірмен тіркелген, 2008 жылдың 7 қарашадағы қалалық "Текелийский рабочий" газетінің N 45 (2891) санында жарияланған, орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының жүзеге асуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.Б. Маупашеваға жүктелсін.
8. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров
Текелі қалалық әкімдігінің 2009
жылғы 6 сәуірдегі N 121 "Қазақстан
Республикасының 1982-1991 жылдары
туған азаматтарын, 2009 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында, кезекті мерзімді
әскери қызметке шақырылуын
жүргізуді ұйымдастырып,
қамтамасыз ету туралы"
қаулысына 1 қосымша
Қалалық шақыру комиссиясының
құрамы:
Қанағатов Асан Уахитұлы Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссияның төрағасы;
Маупашева Гүлмира Баяхметқызы Текелі қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мүшелері:
Айбасов Ғалымжан Қуанышбекұлы Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары;
Кан Евгений Валентинович Медициналық комиссияның төрағасы:
Ширбаева Асем Тұрсынбекқызы Комиссияның хатшысы:
Текелі қалалық әкімдігінің 2009
жылғы 6 сәуірдегі N 121 "Қазақстан
Республикасының 1982-1991 жылдары
туған азаматтарын, 2009 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында, кезекті мерзімді
әскери қызметке шақырылуын
жүргізуді ұйымдастырып,
қамтамасыз ету туралы"
қаулысына 2 қосымша
Кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясын өткізу күндерінің
КЕСТЕСІ
р/с |
Елді |
бар- |
Келу күндері |
||||||||||||||||
10.03 |
11.03 |
12.03 |
13.03 |
14.03 |
15.03 |
16.03 |
17.03 |
18.03 |
19.03 |
20.03 |
21.03 |
22.03 |
24.03 |
24.03 |
24.03 |
24.03 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
1 |
Текелі |
172 |
29 |
29 |
29 |
29 |
28 |
28 |
Әскерге шақырылғандарды жинау пунктінен Қарулы Күштер қатарының әскери бөлімшелеріне және басқа да әскери құрылымдарға жинақтауға жіберу.
Текелі қалалық әкімдігінің 2009
жылғы 6 сәуірдегі N 121 "Қазақстан
Республикасының 1982-1991 жылдары
туған азаматтарын, 2009 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында, кезекті мерзімді
әскери қызметке шақырылуын
жүргізуді ұйымдастырып,
қамтамасыз ету туралы"
қаулысына 3 қосымша
Кезекті әскери қызметке шақыру комиссиясын өткізу күндерінің
КЕСТЕСІ
р/с |
Елді |
бар- |
Келу күндері |
||||||||||||||||
10.03 |
11.03 |
12.03 |
13.03 |
14.03 |
15.03 |
16.03 |
17.03 |
18.03 |
19.03 |
20.03 |
21.03 |
22.03 |
2403 |
24.03 |
24.03 |
2403 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
19 |
|
1 |
Руднич- |
8 |
8 |
Әскерге шақырылғандарды жинау пунктінен Қарулы Күштер қатарының әскери бөлімшелеріне және басқа да әскери құрылымдарға жинақтауға жіберу.