Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қаласы әкімдігінің 2011.03.30 N 67 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 23 баптарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыз "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығын, басшылықа алып, Текелі қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті Строитель көшесі N 13 үй мекен-жайындағы шақыру учаскесінде Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі арқылы әскери шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген ер азаматтардың кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылуын жүргізу 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында ұйымдастырылып қамтамасыз етсін.
2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу, әскерге шақыруды өткізу кезеңіне қалалық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды қуәландыру бойынша дәрігерлік комиссиясы 2 қосымшаға сай құрамда құрылсын.
4. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 3 қосымшаға сай бекітілсін.
5. кентінің әкімі (С.Д. Вишняков) 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда өтетін шақыру кезеңін әскер қатарына шақырылғандарды олардың шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
6."Текелі қаласының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (С.А.Раимбеков), әскерге шақырылғандарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шығарып салу кезеңінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру, Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлау ұсынылсын (келісім бойынша).
7. Текелі қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында,жедел әскери қызметке шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз ету туралы" N 121 қаулының, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 13 мамырдағы N 2-3-62 нөмірмен тіркелген, 2009 жылдың мамырдағы қалалық "Текелийский рабочий" газетінің N 21 (2918) санында жарияланған, қаулылар орындалуына байланысты күші жойылды деп танылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Гүлмира Баяхметқызы Маупашеваға жүктелсін.
9. Осы қаулы алғашқы ресми түрде жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Текелі қаласының әкімі С. Бескемпіров