Жер салығының ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2009 жылғы 20 желтоқсандағы N 15-136 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Текелі қаласының Әділет басқармасында 2010 жылы 11 қаңтарда N 2-3-70 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 26-196 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2010.12.03 N 26-196 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 381, 382, 386 баптарына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2010 жылға арналған жер салығының ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихатының
      IV шақырылымындағы кезекті
      ХVІI сессиясының төрайымы                  Н. Сибирякова

      Текелі қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Н. Калиновский

Текелі қалалық мәслихатының
"Жер салығының ставкаларын
белгілеу туралы" 2009 жылғы
20 желтоқсандағы
N 15-136 шешіміне
қосымша

Текелі қаласы және Рудник кенті бойынша 2010 жылға арналған жер
салығының ставкалары

(теңгемен, алаңның бір шаршы метріне шаққанда)

Рет N

Жерді пайдалану бағыты

Текелі қаласы

Рудник кенті

1

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары.

6,75

0,96

2

Тұрғын үй қоры, соның ішінде оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын базалық салық ставкалары.

0,39

0,13

3

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары, көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғанда.

0,20

0,20

4

Үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық ставкалары көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға.

0,20

0,20

5

Автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген басқа санаттағы жерлер тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда.

67,5

9,6

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады