Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша «поселкесіндегі» деген сөздер «ауылындағы» деген сөздерімен, "поселкелік округінің" денег сөздер "ауылдық округінің" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 3 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Матай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 3 шешімімен.
1. Матай ауылдық округіндегі көше атаулары жоқ Ақөзек, Береке, Жасқазақ разъездеріне Ақөзек, Береке, Жасқазақ көше атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Матай ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Айнагүл Файзулдинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі: А. Ахмолданова