Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Матай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Матай поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «Матай поселкелік округіндегі көше атаулары жоқ Ақөзек, Береке, Жасқазақ разъездеріне Ақөзек, Береке, Жасқазақ көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 13 қаңтарында № 2-4-100 тіркелген, «Ақсу өңірі» газеттінде 2010 жылдың 17 сәуірінде № 16 (9503) жарияланған) № 3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша «поселкелік округіндегі» сөздері «ауылдық округіндегі» сөздерімен, «поселкелік округінің» сөздері «ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің кіріспесіндегі «4-тармағына» сөздері «4) тармақшасына» сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жансүгіров ауылдық округінің бас маманы Кыдырбеков Серик Танирбергеновичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Матай ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Р. Мусагулов |