Ескерту. Шешімнің атауында және бүкіл мәтін бойынша «поселкесіндегі» деген сөздер «ауылындағы» деген сөздерімен, "поселкелік округінің" денег сөздер "ауылдық округінің" деген сөздерімен ауыстырылды – Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 1 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік аумақтық құрылыс туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Матай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Шешімнің кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Алматы облысы Ақсу ауданы Матай ауылдық округі әкімінің 26.12.2014 № 1 шешімімен.
1. Матай ауылында Восточный поселок квартал 1, Восточный поселок квартал 2, Восточный поселок квартал 3, Восточный поселок квартал 4, Восточный поселок квартал 5, Восточный поселок квартал 6, Восточный поселок квартал 7 көше атауларын Шығыс орамы 1, Шығыс орамы 2, Шығыс орамы 3, Шығыс орамы 4, Шығыс орамы 5, Шығыс орамы 6, Шығыс орамы 7 көше атауларына өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау және іс жүзіне асыру Матай ауылдық округінің бас маман іс-жүргізушісі Айнагүл Файзулдинаға жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш рет жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Округ әкімі: А. Ахмолданова