РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес, Матай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Матай поселкелік округі әкімінің 2009 жылғы 28 желтоқсандағы «Матай поселкесінде Восточный поселок квартал 1, Восточный поселок квартал 2, Восточный поселок квартал 3, Восточный поселок квартал 4, Восточный поселок квартал 5, Восточный поселок квартал 6, Восточный поселок квартал 7 көше атауларын Шығыс орамы 1, Шығыс орамы 2, Шығыс орамы 3, Шығыс орамы 4, Шығыс орамы 5, Шығыс орамы 6, Шығыс орамы 7 көше атауларына өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 13 қаңтарында № 2-4-103 тіркелген, «Ақсу өңірі» газеттінде 2010 жылдың 17 сәуірінде № 16 (9503) жарияланған) № 1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешімнің атауында және бүкіл мәтіні бойынша «поселкесінде» сөздері «ауылында» сөздерімен, «поселкелік округінің» сөздері «ауылдық округінің» сөздерімен ауыстырылсын;
аталған шешімнің кіріспесіндегі «4-тармағына» сөздері «4) тармақшасына» сөздерімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау Матай ауылдық округінің бас маманы Кыдырбеков Серик Тәнирбергеновичке жүктелсін.
3.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Матай ауылдық округі |
|
әкімінің міндетін атқарушы |
Р. Мусагулов |