Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2010.04.19 N 30-160 Шешімімен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15–тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес белгілесін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімдері мен аудандық мәслихаттың заңдылық сақтау, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға тапсырылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Балқаш аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Шыңғыс Байсынов
Балқаш аудандық
мәслихат хатшысы Қанат Ақылбекұлы Ақылбеков
Балқаш аудандық мәслихатының
2009 жылғы 22 сәуір күнгі
"Табысы аз отбасыларына
(азаматтарға) тұрғын үй көмегін
көрсету тәртібі және мөлшерін
белгілеу туралы" N 19-97 шешіміне
қосымша
Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
тәртібі және мөлшері туралы қағида
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі (жалдаушысы) болып табылатын табысы аз отбасыларына жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық-коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары (газ, электр жүйесі, су, көмір) белгіленген нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің (газ тұтыну -1 айға 27 кг, электр жүйесін қолдану 1 адамға 45 киловатт, 2 адамға - 90 киловатт, 4 және одан да көп адамнан тұратын отбасына 150 киловатт, сумен қамтамасыз ету нормасын қызмет берушілер ұсынады, от жағу маусымына 3 тонна көмір) шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда тағайындалады.
4. Тұрғын үй көмегін алу құқығы, алушы өтінішін қажетті құжаттармен тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
5. Жиынтық кіріс – тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы:
6. Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
7. Учаскелік комиссия – тұрғын үй көмегін сұраған адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;
8. Табысы аздар – тұрғын үй көмегіне өтініш берген уақытындағы алдыңғы тоқсанының жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдар;
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, осының ішіне 55 жасқа толған ерлер мен 50 жасқа толған әйелдер, 1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер, басқаның күтімін керек ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді. Жедел әскери қызметтегілер отбасының құрамында есептелмейді.
10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан осы тоқсанға айырылады.
11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
12. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер немесе алушы отбасылары оны рәсімдеу үшін өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі селолық, ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады:
1) жеке басының куәлігінің көшірмесі (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе отбасының мекен-жайы мен құрамын растайтын анықтама – (тоқсан сайын);
3) отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
4) коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер көшірмесі және жүгіртпе қағаз (өткен тоқсанға);
5) жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
6) салық төлеушінің нөмірі (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
7). Жеке меншігінде бір үйден басқа үйлері жоқ екені туралы әділет басқармасынан халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілетін анықтаманы (жылына бір ре немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
8).Тұрғылықты мекен жайын растайтын үй құжаттарының көшірмесі (мемлекеттік акт, техникалық төлқұжат, жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу туралы келісім шарт);
Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себептері көрсетілген хабарлама беріледі.
13. Тұрғын үй көмегін алуға үміткерлер үшін берілетін көмек белгілі сипаттағы тұлғаларға: жұмыссыз-жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрғаны туралы анықтама, мүгедек-медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясынан берілетін анықтама, жалғыз басты ана–Азаматтық хал актілерін жазатын бөлімінен берілетін N 4 үлгідегі анықтама негізінде тағайындалады.
14. Селолық, ауылдық округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса жиырма күннен кешіктірмей уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініштерді қабылдайды және тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады.
Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасы учаскелік комиссияның қорытындысымен немесе уәкілетті органның шешімімен келіспеген жағдайда уәкілетті органның бастығына жазбаша түрде, келіспеген мәселелерін көрсетіп шағымдануға құқылы.
Уәкілетті орган шағымданған мәселелерді анықтап, жауап беруге міндетті. Жауап бермеген жағдайда жоғары тұрған органға немесе сот арқылы талап етуге құқылы.
15. Отбасының жиынтық кірісін есептеу кезiнде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептiк кезеңде алынған табыстың мынадай түрлерi есепке алынады:
1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;
2) он сегіз жасқа дейiнгi балаларға арналған ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы;
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түрiндегi табыс; жұмыс жасамаса жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, бас бостандығынан айрылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда екендігін растайтын анықтама, туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте немесе емдеуде тұрса, еңбекпен емдеу профилакториясында болғаны жөнінде анықтама өткізсе, Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алимент есепке алынбайды;
4) жеке қосалқы шаруашылықтан-мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтың кірісі тоқсанына- алты айлық есептік көрсеткіш ретінде алынады;
5) Өтініш берушінің өз еркімен мәлімделген өзге де табыс түрлері;
16. Отбасының жиынтық кірісінде мыналар есепке алынбайды:
1) мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек;
2) тұрғын үй көмегi;
3) жерлеуге арналған бiр жолғы жәрдемақы;
4) бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттiк жәрдемақы;
5) ақшалай және заттай түрдегi (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
6) оқушыларды тегін тамақтандыру, жалпыға бірдей оқыту қорынан берілетін көмектер және азық-түлік бағаларының қымбаттауына байланысты әлеуметтік әлжуаз топтарға көрсетілген көмектер;
7) жеке iсiн ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке iсiн ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледi;
8) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетiлген көмек.
17. Селолық округтiң әкiмi құжаттарды қабылдап алғаннан кейiн, қажеттілігіне қарай учаскелiк комиссияларға тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының материалдық жағдайына тексеру жүргiзудi тапсырады.
18. Учаскелiк комиссия жүргiзiлген тексеру нәтижелерi бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны селолық округтiң әкiмiне ұсынады.
19. Селолық округтiң әкiмi өтiнiш берушiлердiң құжаттарын өтiнiш берушiден құжаттар қабылданған күннен бастап жиырма күннен кешiктiрмей тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
20. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек-ескерту береді, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Түбіртек ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
21. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады.
22. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн ішінде уәкілетті органға отбасы құрамының және оның жиынтық кірістерінің өзгеруі туралы хабарлауы керек.
23. Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпаратты тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге құқығы бар.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормативтер
24. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормативтер қабылданады:
1) газ тұтыну - 1 айға 27 кг;
2) электр жүйесін қолдану: 1 адамға – 45 киловатт; 2 адамға - 90 киловатт; 4 және одан көп адамнан тұратын отбасына – 150 киловатт;
3) қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін (газ, көмір, су, электр жүйесін) қызмет берушілер ұсынады;
4) 3 тонна көмірді жыл бойында 1,5 тоннадан екі бөліп беру.
25. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін (газ, көмір, су, электр жүйесін) аудан әкімі белгілейді.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
26. Тұрғын үй көмегінің төлемі "Балқаш аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен аудандық пошта бөлімі филиалы арасында жасалған Агенттік Келісім негізінде көмек алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.