Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихатының 2012.07.31 N 7-43 Шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Ережеге сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Аудандық мәслихаттың 2009 жылы 22 сәуір күнгі "Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшерін белгілеу туралы" N 19-97 шешімі (аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 мамыр күнгі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 2-6-56 болып енгізілген, 2009 жылғы 6 маусым күнгі N 23(7245) нөмірлі "Балқаш өңірі" газетінде жарияланған) жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау селолық округ әкімдері мен аудандық мәслихаттың заңдылық сақтау, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға тапсырылсын.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Балқаш аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Есімқұлов Тұрланғазы Әбдірахманұлы
Балқаш аудандық мәслихат
хатшысы Ақылбеков Қанат Ақылбекұлы
Аудандық мәслихаттың
2010 жылғы 19 сәуірдегі
N 30-160 шешіміне
қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін көрсету тәртібі және мөлшері
Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі ( әрі қарай –тәртібі) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Ережесі негізінде әзірленген тұрғын үй көмегінің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
1. Негізгі ұғымдар
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйді иесі немесе жалдаушысы болып табылатын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
3. Тұрғын үй көмегі тұрмыстық- коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемінің шығындары (газ, электр қуатын, су, көмір) нормалары мен коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінің шегінде отбасы бюджетіндегі оның жиынтық кірісінің 10 пайыздық үлесінен асқан жағдайда айырма ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегін алу құқығы өтініш иесі қажетті құжаттарын тапсырған тоқсаннан басталады және сол тоқсанға төленеді.
5. Жиынтық кіріс - тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы.
6. Уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
7. Учаскелік комиссия - тұрғын үй көмегін сұраған адамдардың (отбасылардың) метериалдық жағдайын тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік–аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құралатын арнаулы комиссия:
8. Табысы аздар - тұрғын үй көмегіне өтініш берген уақытындағы алдыңғы тоқсанының жиынтық айлық табысы заңдарда осы мақсаттар үшін белгіленген ең төменгі күн көріс деңгейіне жетпейтін адамдар;
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі
9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелмеген мүшелері бар отбасылары тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, осының ішінде 55 жасқа толған ерлер мен 50 жасқа толған әйелдер,1-ші, 2-ші топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндер,басқаның көмегін қажет ететін 80 жастан асқан тұлғаларға күтім жасайтындар және 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатындар, сондай-ақ бір айдан астам уақыт бойы ауруханалық емдеуде жүрген адамдар, әлеуметтік тұрғыдан маңызды немесе айналасындағы адамдарға қатер төндіретін ауруы бар ауруханалық немесе емханалық емдеуде жүрген азаматтарды бағып-күтумен айналысатын азаматтар кірмейді.
10. Уәкілетті орган ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
11. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) қарыздарына қарамастан, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады.
12. Аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) оны рәсімдеу үшін бекітілген үлгіден өтінішімен қоса тұрғылықты жеріндегі селолық, ауылдық учаскелік комиссияға төмендегі құжаттарды ұсынады;
1) Жеке басының куәлігінің (жылына бір немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда), әлеуметтік жеке код (ӘЖК), салық төлеушінің тіркеу нөмері (СТН) көшірмесі;
2) Азаматтардың тіркеу кітабінің көшірмесі немесе отбасының мекен жайы мен құрамын растайтын анықтама – (тоқсан сайын);
3) Отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (өткен тоқсанға);
4) Коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер көшірмесі және тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті әкімнен жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
5) Жеке меншік шаруашылықтары бар екендігі жайлы мәліметтер (жылына бір рет немесе өзгерістер болғанда);
6) Жеке меншігінде бір үйден басқа үйлері жоқ екені туралы Әділет басқармасынан халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы берілетін анықтаманы (жылына бір рет немесе қандай да өзгерістер болған жағдайда);
7) Тұрғылықты мекен жайын растайтын үй құжаттарының көшірмесі (мемлекеттік акт, техникалық төлқұжат, жекешелендіру, сыйға тарту, сату-сатып алу туралы келісім шарт); Өтініш иесіне құжаттары қабылданғаны жайлы түбіртек беріледі, тағайындалмаған жағдайда себебтері көрсетілген хабарлама беріледі;
8) Тұрғын үй иесі және тұрғын үйді жалдаушы болып табылмайтын тұлғалар тұрғын үй иесі мүдделерін білдіруге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге қатысты сенімхат ұсынады;
9) Селолық округ әкімі өтініш берушілерден құжаттарды қабылдап, оларды тіркейді және учаскелік комиссия материалдық жағдайын тексеріп 5 күн ішінде қорытындысымен қоса уәкілетті органға жібереді. Уәкілетті орган учаскелік комиссиялардың қорытындыларымен қоса тіркелген құжаттарымен бірге өтініштерді қабылдайды және 30 күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
Аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) уәкілетті органға отбасы құрамының және жиынтық табыстарының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
Аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) учаскелік комиссияны қорытындысымен немесе уәкілетті органның шешімімен келіспесе өкілетті органның бастығына жазбаша түрде, келіспеген мәселелерін көрсетіп шағымдалуға құқылы.
Уәкілетті орган шағымданған мәселелерді анықтап, жауап беруге тиіс.
Жауап бермеген жағдайда жоғары тұрған органға немесе сот арқылы талап етуге құқылы. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлемді ұйымдастырудың дұрыстығына, ал өтініш беруші жалған мәліметтер мен жасанды құжатты тапсырғаны үшін Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес жауапты болады.
13. Отбасының жиынтық кірісін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының және одан тыс жерлерде есептік кезеңде алынған табыстың бәрі тұрғылықты жерде тіркелген барлық адамдар ескеріліп мынадай түрлері есепке алынады:
1) Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
2) Он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы жәрдемақы;
3) Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс, жұмыс жасамаса жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама, бас бостандығынан айырылған жерде немесе уақытша оқшаулап ұстауда екендігін растайтын анықтама, туберкулез, психоневрологиялық диспансерлерде (стационарда) есепте немесе емдеуде тұрса, еңбекпен емдеу профилакториясында болғаны жөнінде анықтама өткізсе, Қазақстан Республикасымен тиісті келісімі жоқ мемлекетке тұрғылықты жерге қоныс аударған жағдайда алимент есепке алынбайды;
4) Жеке қосалқы шаруашылықтан мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
5) Өтініш берушінің өз еркімен мәлімделген өзге де табыс түрлері;
14. Отбасының жиынтық кірісінде мыналар есепке алынбайды;
1) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
2) Тұрғын үй көмегі;
3) Жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
4) Бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы;
5) Ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
6) Жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек;
Егер жеке ісін ашуға немесе жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса осы факті анықталған тоқсандағы, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
7) Әділет басқармасынан жеке меншігінде бір үйден басқа үйі жоқ екені туралы анықтама;
8) Учаскелік комиссия жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша отбасының материалдық жағдайы туралы акт жасайды және отбасының мұқтаждығы туралы қорытындыны селолық округінің әкіміне ұсынады;
9) Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша уәкілетті орган отбасына түбіртек - ескерту береді,оған тұрғын үй көмегінің есептелуі енгізіледі. Түбіртек - ескертуге отбасы өкілінің немесе отбасыныңатынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады;
10) Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады;
11) Берілген ақпараттың дұрыстығы туралы күмән пайда болған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын уәкілетті орган отбасы мүшелерінің тұрғылықты жерлері, табыстары туралы қажетті ақпараттық тиісті орындардан сұрап алуға, тексеруге болады.
Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті, талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін меншік үйдің иесі (немесе жалгерлер) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылады.
Табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасылар (азаматтар) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттар ұсынады:
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасы табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекеленген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
3. Тұрғын үй көмегін есептеудегі нормативтер
15. Тұрғын үй көмегін есептегенде келесі нормативтер қабылданады;
1) Газ тұтыну - 1 айға 27 кг;
2) Электр қуатын қолдану: 1 адамға – 45 киловатт; 2 адамға - 90 киловатт;
4 және одан да көп адамнан тұратын отбасына -150 киловатт;
3) Қызметтерді тұтыну төлемінің тарифтерін ( газ, көмір, су, электр қуатын) қызмет берушілер ұсынады;
4) 3 тонна көмірді жыл бойына 1,5 тоннадан екі бөліп беру;
16. Коммуналдық қызметтерді тұтыну төлемдерінің тарифтерін (газ, көмір, су, электр қуатын) аудан әкімдігі белгілейді.
4. Тұрғын үй көмегін төлеу
17. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.