1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 1-3 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 23 ақпанында N 2-7-73 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 1-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің 2010 жылғы 11 қаңтардағы № 1-3 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, 1992 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      
      1. 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1992 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алынсын.
      
      2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1992 жылы туылған жастардың тізімін берсін;
      2) 1992 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелеріне бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін.
      
      3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Аширов Қасым Әбілдаұлы):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскелеріне тізімге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.
      
      4. Аудандық орталық аурухана (Молдахалықова Доғдыркүл Өмірқұлқызы):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;
      2) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге 1992 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;
      3) тіркеуге алуға дейін 1992 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;
      4) ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.
      
      5. Аудандық білім беру бөлімі (Алтынбекова Светлана Амантайқызы):
      1) тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімге уәкілін бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;
      2) 1992 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.
      
      6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы):
      қорғаныс істері жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1992 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.
      
      7. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Момынқұлов Байжомарт Байшымырұлы):
      кәсіпорындарда, ұйымдарда және оқу орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;
      1) тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.
      
      8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім тіркеуге алу бойынша ұйымдастырылған шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2009 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарласын.
      
      9. Жамбыл ауданы әкімінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-35 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2008 жылғы 22 қантарда тіркелген, тіркеу № 2-7-53, 2008 жылғы 22 наурыздағы № 12-13 (5380-5381) «Атамекен» газетінде ресми жарияланған) «1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы» шешімінің күші жойылсын.
      
      10.Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қазиев Бейсенбек Бақтыбекұлына жүктелсін.
      
      11.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      

      Аудан әкімі                           Тұрлашов Лаззат Махатұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады